Дебиеті кафедрасы



бет8/43
Дата20.02.2022
өлшемі0,9 Mb.
#132597
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43
Байланысты:
мәтін лингв Әдістемелік нұсқау

3-ТАҚЫРЫП: Сөйлеу жанрлары мен мәтін жанрлары. Мәтін типтері.


Дәріс жоспары:
1.Ауызша және жазбаша мәтіндер.
2. Сөйлеу жанрының басты нышандары мен бағыттары.
3. Мәтін типологиясы
4. Мәтін категориясы туралы ұғым
Мақсаты: Мәтін типтерімен танысу.


Қысқаша мазмұны:
Қазіргі мәтіндер сөйлеу формасына қарай ауызша және жазбаша болып бөлінеді.
Сөйлеудің ауызша формасындағы мәтіндер жазбаша формадағы мәтіндерден мүлдем өзгеше. Жазбаша мәтін алдын-ала ойластырылады, қабылдаушының қатысуынсыз түзетіледі, ал ауызша мәтінде барлық түзетулерді тыңдаушы қабылдайды. Жазбаша мәтін көру арқылы қабылдауға арналған, сондықтан онда бөлімдер, үзінділер және т.б. тақырыптар мен тақырыпшалар, абзацтар, шрифтік айшықтау мен астын сызу т.с.с. ажыратылады. Ауызша мәтін тыңдап қабылдауға есептелген, сондықтан айтылғанды түзету, «қайта тыңдау» (таспа жазуы болмаса) болмайды; сонымен бірге мәтіннің тыңдаушыға тәуелділігі (түсінбегенін қайта сұрау мүмкіндігі, айтушының мимикасының тыңдаушыға әсері т.б.) байқалады, монологтік емес сөйлеуде әңгімеге араласу мәтіннің тұтастығына ғана емес, әңгіменің аяқталмай қалуына да әсері айқын сезіледі. Ауызша мәтіннің жазбаша мәтіндегі амалдардан бөлек риторикалық амалы да бар.
Заманауи жанртану сөйлеу жанрлары мен мәтін жанрларын қызықты жіктеуді ұсынып отыр. Бұл жіктеудің негізінде М. М. Бахтин қабылдаған сөйлеу жанрлары мен оның бірінші (қарапайым) және екінші (күрделі) сөйлеу жанрлары туралы идеясы жатыр.
М. М. Бахтиннің пікірінше, сөйлеу жанрлары дегеніміз, «айтушы үшін өзі жасамаған, оған берілген», «айтылымның берік тақырыптық композициялық және стилистикалық типтері», «сөйлеу тұтастығын жасаудың типтік модельдері». «Егер сөйлеу жанрлары болмаса сөйлеу қарым-қатынасының болуы мүмкін емес еді» .
Солай бола тұрса да, зерттеулерде сөйлеу жанрларына түрліше түсініктемелер беріледі. Ол ең алдымен зерттеушілердің жанртанудың басты термині-сөйлеу жанрын түрліше түсіндіріп жүргенінен туып отыр. Кейбір зерттеулерде «сөйлеу жанры» кең мағынада түсіндіріледі, басқаларында «сөйлеу жанры» ұғымын сөйлеу актісіне балама ретінде түсіндіріледі, үшіншісінде мәтін типтерімен байланыстырылады.
Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, сөйлеу жанрының басты нышандары-адресат, адресант, бақылаушы, референттік жағдай, байланыс арнасы, әрекеттестіктің жалпы контексті, уақыт, орын және қоршаған ортадағы ахуал, коммуникативтік мақсат, автор бейнесі, адресат бейнесі, өткендегінің бейнесі, келешек бейнесі, диктумдық (оқиға) мазмұнының типі, сөйлеу жанрының тілдік жүзеге асырылуы.
М. М. Бахтиннің негізгі және қосымша сөйлеу жанрлары туралы идеясы ғалымдардың отандық жанртанудың дамуын дәстүрлі семиотикалық жүйеде - семантика (жанрдың аты) – синтактика (жанрдың композициясы) - прагматика (айтушының мақсаты және оның тиісті жанрды таңдауы) қарастыруына және олардың сөйлеу жанрларын зерттеуді үш бағытқа бөлуіне мүмкіндік береді.
Бірінші бағыт (семантикалық): сөйлеу жанрлары адамдардың әлеуметтік әрекеттестігінің типтік жағдайын вербалды безендіру ретінде анықталады. Қосымша жанр негізгіден функциялық саласымен немесе стилистикалық өңделуімен ерекшеленетін онтологиялық туынды ретінде түсіндіріледі.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:



1.Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. – Алматы, 2002 ж.

2.Есембеков, Т.О. Көркем мәтін теориясы - Алматы: Қазақ университеті, 2015.- 186 б.

3.Есембеков, Т.О. Көркем мәтін поэтикасы: оқу құралы .- Алматы: Қазақ университеті, 2012.- 228 б.

4.Жармакин О.Қ., Мағзұмов Қ.Б. Мәтін лингвистикасы. Оқу құралы. – Павлодар: Кереку, 2011.

5.Оразбаева, Э.Б. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау [Электрондық ресурс]: пәнінің лекция жинағы / Э.Б. Оразбаева.- Шымкент, 2012.

6.Әбдікәрім, Т.М. Қазақ тіл білімінің ғылыми зерттеу негіздері - Алматы: Эверо, 2014.- 288 б.

7.Әлкебаева, Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы [Мәтін] / Д.А. Әлкебаева.- Алматы: Зият-Пресс, 2007.- 244 б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет