¦дебиеттер



бет7/64
Дата18.10.2022
өлшемі5,14 Mb.
#153561
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64
Байланысты:
лек-3бөлім

1.Бақылау сұрақтары:
1. Неліктен айналмалы қозғалыс техникада кеңінен таралған?
2. Беріліс бөлшектері машиналарда қандай қызмет атқарады?
3. Егер жетектің беріліс саны және болса, онда жетекші біліктің бұрыштық жылдамдығы қандай болады?
4. Бұрыштық жылдамдық деп нені атайды?
5. Беріліс саны дегеніміз не?


2.2. Фрикциялық берiлiстер.
2.2.1. Жалпы түсінік және фрикциялық берілістің негiзгi түрлерi


Бұл берiлiстерде денедегi қозғалыс жетектегi денеге үйкелiс арқылы берiледi.
Қарапайым фрикциялық берiлiстер бiрiне-бiрi қосылған екi дөнгелектен тұрады.

1-сурет
Фрикциялық берiлiстердiң қуаты яғни бiр-бiлiктен екiншi бiлiкке берiлетiн моменттiң шамасы екi дөнгелектiң жанасу ауданында пайда болатын үйкелiс күшiне байланысты.
Сондықтан айналмалы дөнгелектер бiрiмен-бiрiн белгiлi күшпен қосуы шарт, бұл арнаулы серiппе арқылы жүзеге асырылады.
Фрикциялық берiлiстердiң жұмыс iстеу шартына байланысты, үйкелiс күшi пайда болған момент есептегi берiлген айналу моментiнен көп болуы тиiс.

Бәрiмiзге белгiлi үйкелiс күшi:

Q - жанасу ауданына түсетiн қысу күшi;
f- үйкелiс коэффициентi.( f=0,04÷0,05 үйкеліс беті майланған болаттар үшін;
f=0,15÷0,20 болатпен болат немесе шойын үйлелісінде, майланбаған жағдайда)
Күш берiлiстерiнiң iлiнiсу қоры коэффицентін енгiзсек К=1,25÷1,5 сонда:

Бұл жерден қысу күшiн анықтаймыз

Фрикциялық берiлiстер қолдануына байланысты екi топқа бөлiнедi:
1. Берiлiс саны тұрақты фрикциялық берiлiстер (қарапайым дөнгелектi,
конус дискiлi );
2. Берiлiс санын үздiксiз және сатысыз реттейтiн фрикциялық берiлiстер
немесе вариаторлар.
Біліктердің өз-ара орналасуына байланысты фрикцифлық берілістер:

  • Цилиндрлі - остері паралель орналасқан,

  • Конусты - остері қиылысқан,

  • Лобовой(Маңдайлы) – сыртқы және ішкі жанасумен айқасқан осьтермен (Сурет-2а,б.)





Фрикциялық берілістер жұмыс жағдайына байланысты:



  • Ашық-құрғақ жағжайда жұмыс істейді;

  • Жабық- майлы ваннада жұмыс істейдіАшық фрикциялық берілістерде үйкеліс коэффиценті үлкен, ал жабық фрикциялық берілістерде май ваннасы жылуды жақсы төмендетін және үйкелісі қауіпсіз болғандықтан, жұмыс мерзімін ұзартады. .





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет