2-топ- Қос сөзінен бастап -қалады ,сөзіне дейін оқиды,
3-топ Тағы сөзінен бастап–соңына дейін оқиды..
Әр топ өзіне берілген «Жылқы» әңгімесіндегі жолдарды түсініп оқып,жоспар құрады және жоспар бойынша мәтінді мазмұнын ашып әңгімелеп береді.Соңынан мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы әңгімені толық мазмұндайды.
ҮІ.Сөздік жұмысы және оны қолданысқа ендіру.Шығармадағы түсініксіз сөздерге түсініктеме беріліп,сол сөздерді қатыстырып ауызша сөйлем құрастырылады ҮІІ.Танымдық– дамытушылық жұмыстар Слайд арқылы оқушылардың жылқы туралы білімдерін кеңейту,жобалау жұмыстарын жүргізу.
а)Адам мен жылқының достығы өте ерте кезде басталған.Ертеде жылқы кең далада еркін өскен тағы жануар еді.Адам баста жылқыны тамақ ретінде көптеп аулаған.Келе–келе оның құлындарын қолға үйреткен,сол құлындардан қазіргі сәйгүліктер өсіп-өнген.Қазіргі жылқының ата тегі Тарпан мен Пржевальский жылқылары болды деген болжам бар.Бұл жылқылардың тағы үйірін 1881 жылы орыс саяхатшысы Н.Пржевальский Тянь-Шань таулары сілемдерінде кездестіреді,көптеген зерттеулер жүргізеді.Бұл жылқыларды Монғолияда күні бүгінге дейін кездестіруге болады.Олар қорғауға алынған. (Слайдпен жұмыс)