1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» жəне 2210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер- дің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» шоттарының қосалқы шоттарында тапсырыс берушілермен олар үшін орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін өндірістік оқу үдерісінде кəсіптік техникалық мектептердің оқушылары орындаған сатылған дайын бұйымдар мен жұмыстар үшін есеп айырысулар, сондай-ақ балалардың жеті жылдық музыка мектептерінде
оқығаны, мектеп-интернаттарда тəрбиеленушілерді ұстағаны, жұмысшылармен жəне қызметшілермен киім-кешек, мектептердің жанындағы интернаттарда балалардың тамағы үшін есеп айырысулар ескеріледі.
Көрсетілген қосалқы шоттардың дебетіне көрсетілген қызметтер, оқу-өндірістік шеберханалар əзірлеген сатылған дайын бұйымдар құны, мемлекеттік мекемелерде оқу орнының оқушылары орындаған жұмыстар үшін оқу орнының оқушыларына төлеуге жататын сыйақы сомасы жəне оқу база- сын кеңейтуге, оқушылардың мəдени-тұрмыстық қызмет көрсетуін жақсартуға демеушілік жəне қайырымдылық көмектен түскен сома жазылады жəне басқа сомалар, бұл ретте 6110 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынатын кірістер», 6050 «Демеушілік жəне қайырымдылық көмектен алынатын кірістер» шоты кредиттеледі [6.3-кесте].
6.3-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |