Дебиторлық берешекті есепке алу тəртібі


Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек 1085



бет6/89
Дата14.12.2021
өлшемі297,41 Kb.
#127142
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
memlekettik mekemede buh.esep daris kesheni (3)

1215 Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек

1085 Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

1094 Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

1211 «Жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотында жеке тұлғалармен:

  • əлеуметтік төлемдер мен əлеуметтік көмек бойынша,

  • жұмысшылар мен қызметшілерге мертігумен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сəйкес олардың еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзге зақымданумен келтірілген зиянды өтеу бойынша,

  • қаза болған, қайтыс болған əскери қызметшілердің ата-аналарына, асы- рап алушыларына, қамқоршыларына біржолғы төлемдер бойынша,

  • демалысқа шыққан кезде мерзімді қызмет əскери қызметшілерге, əскери (арнайы) оқу орындарының курсанттарына төленетін азық-түлік үлесінің ор- нына ақшалай өтемақы бойынша,

  • жеке тұлғаларға басқа трансферттер бойынша есеп айырысу көрсетіледі.

Əскери қызметшілерге тұрғын үйді ұстау бойынша шығыстарды жəне коммуналдық қызметтерді төлеуге берілетін ақшалай жəрдемақы.

Тиісті жылға арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мөлшерде үй-жайды ұстау жөніндегі шығыстарды жəне коммуналдық қызметтерді төлеуге ақшалай жəрдемақы алуға құқығы бар лауазымдар тізбесіне сəйкес мемлекеттік мекемелер өтемақы сомасын есептеуді жүргізеді. Есеп айырысу-төлем ведомосі бойынша есептел- ген өтемақы сомасына мынадай жазба жүргізіледі: 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының дебеті жəне 1211 «Жеке тұлғаларға трансферттер бо- йынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті, өтемақы төлеу кезінде – 1211 «Жеке тұлғаларға трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жос- парлы тағайындаулары» қосалқы шотының кредиті.



Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама əкімшісі жалпы сипаттағы трансферттер мен нысаналы трансферттер бойынша операцияларды былайша көрсетеді:

  • қаржыландырудың түсуі: 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер

  • қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферт- тер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті жəне 6030 «Трансферттер бойынша кірістер» шотының кредиті;

  • төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер аудару кезінде: 1212

  • «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті;

  • төмен тұрған бюджеттерге жалпы сипаттағы трансферттерді аудару

кезінде: 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» қосалқы шотының дебеті жəне1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті;

  • жергілікті атқарушы органдар есептерінің негізінде нысаналы трансферттерді есептен шығару: 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;

  • төмен тұрған бюджеттерден пайдаланылмаған трансферттер сомасының түсуі: 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті жəне 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;

  • бюджетке пайдаланылмаған трансферттер сомасын қайтару: 6090

«Қаржыландыруды бюджетке қайтару» шотының дебеті жəне 1084 «Трансферт- тер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті.

Төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама əкімшісі мынадай жазба- лармен нысаналы трансферттер бойынша операцияларды көрсетеді:



  • жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама əкімшілерінен транс- ферттер бойынша қаржыландырудың түсуі: 1084 «Трансферттер бойын- ша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093

«Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті жəне 6030 «Трансферттер бойынша кірістер» шотының кредиті;

  • алушыларға нысаналы трансферттер аудару: 1212 «Ағымдағы нысаналы

  • трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Ны- саналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойын- ша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті;

  • ұсынылған есептердің негізінде нысаналы трансферттерді есептеншығару: 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;

  • жоғарыда тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар əкімшілеріне

трансферттердің пайдаланылмаған сомасын қайтару: 6090 «Қаржыландыруды бюджетке қайтару» шотының дебеті жəне 1084 «Трансферттер бойын- ша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093

«Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті.

Субсидиялар бойынша операцияларды мемлекеттік мекеме мынадай тізбектермен көрсетеді:


  • қаражатты алу: 1085 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1094 «Субсидиялар бо- йынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті жəне 6040 «Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер» кредиті;

  • жеке жəне заңды тұлғаларға субсидиялар төлеу: 1214 «Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1215 «Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті жəне 1085 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1094 «Субсидиялар бойын- ша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті;

  • субсидияларды есептен шығару: 7230 «Субсидиялар бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне 1214 «Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1215 «Заңды тұлғаларға субсидиялар бойын- ша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.

Зейнетақылар мен жəрдемақыларды төлеуге қаржыландыру алуды халықты əлеуметтік қорғау саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган 1081

«Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» қосалқы шотының дебеті жəне 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетеді.

Зейнетақыларды жəне мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақыларды төлеу бо- йынша жүргізілген шығыстар 7220 «Зейнетақы мен жəрдемақы төлеу бойын- ша шығыстар» шотының дебеті жəне 1216 «Зейнетақылар мен жəрдемақылар төлеуге трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті бойынша ескеріледі [6.2-кесте].

Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа аударылған қаражат 1216 «Зейнетақылар мен жəрдемақылар төлеуге трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті жəне 1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жо- спарлы тағайындаулары» қосалқы шотының кредиті бойынша ескеріледі.



6.2-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет