Дебиторлық берешекті есепке алу тəртібі



бет47/89
Дата14.12.2021
өлшемі297,41 Kb.
#127142
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   89
Байланысты:
memlekettik mekemede buh.esep daris kesheni (3)

1320 – «Аяқталмаған өндіріс» шоты дайын өнімді тапсырыс берушіге жібере алатындай, қоймаға тапсырылатындай немесе одан əрі қайта өндеуге қолданылатындай шаралары қарастырылған өндірістің технологиялық циклінен өтпеген өнімдердің қалдығы мен қозғалысы туралы ақпаратты жинақтауға, есепке алуға арналған.

1330 «Дайын өнім» шоты өндірістік (оқулық) шеберханаларының, көмекші ауылшаруашылық жəне оқу-тəжірибелік шаруашылықтардың дайын өнімдері мен бұйымдарын, дайын баспа өнімдерін есепке алу үшін арналған.

1340 – «Тауарлар» шоты тауарлардың қозғаласына байланысты операция- лар есепке алу үшін арналған.

1350 «Жолдағы қорлар» шоты өзге қалалардың берістері бойын- ша бюджеттік ұйымдар ақысын төлеген, бірақ айдың аяғына дейін қоймаға түспеген материалдарды, сондай-ақ бір орталықтан жабдықтау жəне шаруашылық қызмет көрсету қоймаларына алынған жəне бюджеттік ұйымдар бойынша бөлінбеген материалдарды есепке алу үшін арналған.

1360 «Қорлардың құнсыздануына резерв» шоты қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға жəне қозғаласына байланысты немесе моральдық жағынан ескеруге байланысты операцияларды есепке алу үшін арналған.

Есепте қорлардың құны активтерді танудың белгілері орындалғанда ғана мойындалады:



  • болашақта осы актив бойынша экономикалық пайда немесе сервистік əлеует алу мүмкіндігінің болуы,

  • сенімді бағалау мүмкіндігі.

Қорлар мемлекеттік мекеменің шотында тек осы қорларға байланысты тəуекелдер мен активтерді иеленуден пайдалар осы мекемеге ауысқанда ғана көрсетіледі.

Қорларға байланысты пайдалар мен тəуекелдердің ауысу сəтін анықтау қорларды есепке алу кезінде негізін қалайтын сəттердің бірі болып табылады. Бұл сəт оның шарттарын сөз ететін жеткізу шартымен анықталады.

Есепте қорлардың құны активтерді танудың белгілері орындалмаған жағдайда мойындалмайды, бұл жағдайда олар баланстан тыс шоттарда көрініс табуы мүмкін. Мысалы: 02 «Жауаптылық пен сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар» шотында.

Қорлардың бағалануы жəне есебі ҚСХҚЕС талабына сəйкес үш кезеңге бөлінеді:



  • бастапқы танылуы жəне есебі;

  • келесі танылуы жəне есебі;

  • баланстан шығару кезіндегі танылуы жəне есебі (9.1-сызба).




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет