Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Күздік қара бидайдың тамыр жүйесі, шашақты, жақсы дамыған, 1,5 м тереңдікке дейін өседі.
Сабағы-қуысты сабан-5-6 түйін аралығы бар, биіктігі 1,5-2 м дейін.
Жапырақтары сызық жолды, бидайға қарағанда жалпақ. Гүл шоғыры-масақ. Масақшалары қосгүлді, айқас тозаңданатын өсімдік. Жемісі-дән. 1000 дәнінің салмағы 20-35 г. Масағының түсі ақ, сары, немесе күнгірт-сары. Дәнінің түсі сары, қоңыр.
Қара бидайдың тұқымы +1-20 өне бастайды. Оның өсіп-өнуіне ең қолайлы температура +20-220. Астық дақылдарының ішіндегі қысқа өте төзімді өсімдік. Қар қабатынсыз-250, ал қар жамылғысының қалыңдығы 20-30 см болғанда-40-500 аязға шыдайды. Оның толықтай өсіп дән беруі үшін белсенді температура жиынтығы 1300-15000.
Тамыр жүйесінің жақсы дамуына байланысты және сол тамырлары арқылы күзгі-көктемгі ылғалды пайдаланудың нәтижесінде қара бидай құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер қатарына жатады. Оның транспирациялық коэффициенті 340-440 шамасында. Бидайға қарағанда топыраққа талғамы төмендеу.
Сепкен уақыттан дән жинауға дейінгі өсіп-өну ұзақтығы 270-350 күн. Ол негізінен күзде түптенеді де бір өсімдікке 4-8 сабаққа дейін құрайды. Масақтану кезеңі күздік бидайға қарағанда 12-17 күндей ерте басталады, бірақта гүлдену кезеңі 10-12 күндей кеш басталады. Дәнінің пісуі де 8-10 күндей ерте басталады. Қазақстанда себуге ұсынылған сорттары: Омка, Саратовская 5, Шолпан.
Өсіру агротехникасы. Күздік қара бидайды Қазақстанның солтүстік аймақтарында өсіру тиімді деп айтамыз. Оны таза парға себеді. Құрғақшылық аудандарда екпе парға орналастыру оның шығымын төмендетеді. Күздік қара бидайды мал азығына өсіргенде бір жылдық шөптен және жүгеріден кейін орналастырады. Ауа райының тұрақсыз аймақтарында алғы дақылды жинап алысымен топырақты тайыздау (10-12 см) етіп тілгішпен немесе дискімен өңдейді. Топырақ өңдеген кезде оған суперфосфат (P90-120) сіңіреді. Көктемде азот тыңайтқыштарымен (N40-45) қоректендіреді.
Күздік қара бидайдың қалыпты дамуы үшін жалпы температура жиынтығы күзде 450-5500 шамасында болуы керек, яғни оған 42-55 күн қажет болады. Сондықтан оны 5 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында- солтүстік аудандарда ертерек, оңтүстік аудандарда-кештеу себу керек. Ылғалы жеткілікті аудандарда ең оңтайлы себу мерзімі- тамыздың екінші жартысы. Себу мөлшері құрғақ аймақтарда 3,5-4,0 млн/га өнгіш тұқым (85-110 кг/га), тұқым себу тереңдігі-4-7 см.
Күздік қара бидайды мал азығына-пішен алу үшін паялы дақылдардан кейін орналастырады. Ол үшін алғы дақыл жиналып алынғасын топырақты бірден 5-10 см тереңдікке культивациялайды немесе дискіленеді, беті тегістеледі. Тұқым қатарлап себіледі, себу мөлшері 4,0-4,5 млн/дана өнгіш тұқым (100-120 кг/га). Көктемде егістікті азот тыңайтқышымен (N40-45 кг/га ә.е.з.) үстеп қоректендіріледі.