Ботаника-биологиялық ерекшеліктері. Жер алмұрты мен күн түйнегі кіндік тамырлы. Тамыры тереңге бойлайды. Орталық тамырынан көпшілік ірілі-ұсақты тамыршалары жан-жаққа жайылып өседі және олар топырақ қабатының 10-30 см қабатында орналасады. Өсімдіктің жер астында 15 см тереңдікте сабақтары (столоны) пайда болып, оның ұшында түйнектер байланады. Түйнектердің пішіні дөңгелекше, алмұрт тәріздес, түйреуіш немесе ұзынша келеді. Салмағы 10 грамнан 100 грамға дейін болады. Түйнектерінің сыртқы қабаты нашар дамуына байланысты ол ұзақ сақталмайды.
Сабағы біржылдық, тік, шеңбер тәріздес түктері қатты және жақсы бұтақтанған. Биіктігі 1,5-4,0 м дейін өседі. Жапырағы қарапайым, сағағы ұзын, пішіні жұмырқа тәріздес, қалың түктілі. Жапырағының саны орта есеппен 20-30 дана. Гүлшоғыры – себет тәрізді, гүлдері түтікше келген. Гүлінің желектері сарғыш немесе қызғылт-сары түсті. Өздігінен, не болмаса айқас тозаңданады. Жемісі - қара сұр тұқымша. 1000 тұқымның массасы – 7-9 г.
Жер алмұртының түйнектері +4-6ºқ С жылылықта өсе бастайды да оның қалыпты өсуі + 8-12қ С жүреді. Өскіні мен қалыптасқан өсімдігі жылуды аса қажет етпейді және – 6қ С шыдайды. Жер бетінде орналасқан түйнегі - 10қ С дейін суыққа шыдайды. Оның осындай суыққа шыдамды қасиетін құрамындағы инулин мен аздап қант болуымен байланыстырады. Және де бұл өсімдік ыстыққа да біршама шыдамды. Ылғалды аса қажет етпейтін өсімдік. Ауаның құрғақшылық кезеңдерінде өсіп-өнуі жалғаса береді. Бірақ тамырына түйнек байланған кезеңінде суды көп қажет етуіне байланысты оны құрғақ аймақтарда өсіргенде суару тиімді. Топырақ ылғалдылығы толық ылғалдылықтың 50-60% деңгейінде болуы керек. Жамбыл және Алматы облыстарында бұл дақылдарды суармалы жерлерде өсірген тиімді.
Қысқа күннің өсімдігі. Күннің ұзақтығы оның гүлдену кезеңін ұзартады. Сондықтан оңтүстік аймақтарда жер алмұрты кеш гүлденіп, тұқымы піспей қалуы мүмкін. Өсу кезеңінің басында ғана жарықты көбірек қажет етеді. Жер алмұрты мен күн түйнегі барлық топырақ түрлерінде өсе береді. Қышқыл, тұзды және батпақты жерлерде өсіп оңбайды. Бұл өсімдіктер бейтарап және сәл қышқылдау құнарлы да жақсы қопсытылған, су сіңіру қабілеті жоғары топырақтарда жақсы өсіп, мол өнім береді. Аурулар мен зиянкестерге төзімділігі орташа. Әсіресе ылғалды және қышқыл жерлерде көбірек залалданады. Көбінесе ақ шірік, бактерноз, склеротина аурулары кездеседі.
Зиянкестерден – проволочники жалған проволочники кездеседі, және мамыр қоңызының личинкасы түйнектерін зақымдайды. Бұл өсімдіктердің аурулармен және зиянкестермен залалдануын төмендету үшін оның өсіру агротехникасының шарттарын бұлжытпай орындаған абзал. Қазіргі кезде жер алмұртының мына сорттары шығарылып аудандастырылды: Находка, Вадим, Белая урожайная, Волжская 2, Киевская белая, Ленинградская, Скорспелка. Бұл сорттар – сүрлемдік, түйнектік және аралық болып бөлінеді. Оның көпшілігі мал азықтық сорттар.
Достарыңызбен бөлісу: |