Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет61/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Өсіру технологиясы. Құлқайырды маңызды мал азықтық өсімдік ретінде ферма маңындағы ауыспалы егісте орналастырған тиімді. Оған жақсы алғы дақылдар- дәнді бұршақ дақылдары, жүгері, күздік астық дақылдары және түйнек жемістілер. Танапты тұқым себуге дайындау жүйесі алғы дақылға байланысты жүргізіледі. Танапты алғы дақыл жинап алған соң, күзде зябь жыртудан бастайды. Көктемде ерте танапты тырмалайды немесе культивация жүргізеді. Содан кейін тұқым себер алдында тағы да культивация жүргізіп, арамшөптерден тазартады. Топырақ бетін тегістеуіш-волокушалармен майдалап тегістейді және тығыздағыштармен тығыздайды. Танапты аударып жыртқан кезде оған әр гектарына 20-30 тоннадай органикалық (көң) тыңайтқыштар шашады да оған қосып фосфор-калий тыңайтқыштарын (P60K60 кг/га ә.з.) сіңіреді. Себу алдындағы культивация кезінде танапқа азот тыңайтқышын (N45-60 кг/га ә.з.) береді.
Құлқайырдың тұқымымын жинап алғаннан кейінгі пісіп-жетілуі ұзақ болуына байланысты, себуге өткен жылғы жиналған тұқымды пайдаланады. Өнгіштігін өсіру үшін оны скарификациялайды. Құлқайырды ерте көктемде немесе қыс басталған кезде себеді. Кеңқатарлап (45, 60 немесе 70 см) себу әдісін қолданады. Себу мөлшері: көк балаусаға және сүрлем алуға гектарына 1,5-2 млн. өнгіш тұқым (немесе 4-5 кг/га), пішенге- 3 млн (немесе 7 кг/га). Тұқым себу тереңдігі 1,5-2,0 см. Тұқым себуге көбінесе көкөніс сеялкасын (СОН-2,8А), немесе жүгері сеялкасын (СКНК-6) пайдаланады.
Құлқайырды күтіп-баптау өскін толық шыққаннан кейін басталады. Ол қатараралығын қопсытудан, арамшөптерді жоюдан және минералды тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіруден басталады. Бірінші культивацияны 5-6 см тереңдікте жүргізеді. Келесі қатараралығын өңдеу жұмысы арамшөптер пайда болуына байланысты жүргізіледі. Құлқайыр қаулап өсіп қатараралығы көрінбей қалған кезде культивациялауды тоқтатады. Азот тыңайтқышымен (N30-45), өсімдіктің биіктігі 10-15 см болғанда, екінші культивация кезінде қоректендіріледі. Содан кейін толық минерал тыңайтқышы (N60P60K60) алғашқы шабыстан кейін беріледі. Суармалы алқаптарда вегетация кезінде құлқайырды 3-4 рет суарады. Әр гектарға суару мөлшері 600-800 м3.
Құлқайырдан ең жоғары өнім оны вегетация кезінде екі рет шауып алғанда алынады. Бірінші шауып алғаннан кейін оның алшыны тез өсіп екінші шабыста жақсы өнім жинақтайды. Құлқайырды көк балаусаға, пішенге, шөп ұнын және түйіршіктерін жасауға гүлденуі басталған кезде орады. Ал сүрлемге салуға оны гүлденгенде ору тиімді. Құлқайырды көк балаусаға, пішенге сүрлем жинайтын комбайндармен, ал пішенге пішен дайындайтын техникалармен жүргізеді. Құлқайырдың тұқымдық егістіктерін көктемде себеді. Себу әдісі кеңқатарлы, себу мөлшері-4-5 кг. Құлқайырды тұқымы біркелкі піспегендігінен оны жинау жұмыстары қиындау. Толық пісуі сентябрь айында. Тұқымын жинау кезінде ауа райы құрғақ болса оны тікелей, ал жауын-шашын болса бөлектеп жинайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет