Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет31/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Өсіру агротехникасы. Шығыстың ешкі шөбінің егістігін көп жылдай пайдаланатын болғасын жақсы танапқа орналастырған дұрыс. Көбінесе оны ферма жанындағы ауыспалы егістерге не болмаса одан тыс танаптарға себеді. Егістікке таңдаған танап арамшөптерден таза, ылғалы және құнарлығы жоғары болуға тиісті. Шығыстың ешкі шөбіне ең жақсы алғы дақыл болып отамалы дақылдар есептеледі. Және де оны астық не болмаса біржылдық мал азықтық дақылдардан кейін де себуге болады.
Шығыстың ешкі шөбін себуге топырақ дайындау жұмыстары оның алғы дақылына байланысты. Қара топырақты аймақтарда танапты қарашірігі тараған тереңдікте аудара жыртқан тиімді. Егер де ешкі шөбін астық немесе отамалы дақылдан кейін орналастыратын болса, онда күзгі жиыннан кейін іле-шала танапты сүдігерге жырту керек. Ал егер ешкі шөбін күздік қара бидайды көк азыққа не болмаса басқа ерекше жинайтын бір жылдық мал азықтық шөптен кейін с ебетін болса, онда да танапты іле-шала жыртады да одан кейін оны қопсытады және тырмалайды. Осылай етіп танапты өңдеп, арамшөптермен күресіп, жартылай пар ретінде күзге дейін ұстайды. Күзде топырақты аудара жыртқан кезде танапқа әр гектарына 50-70 т көң шашады және оған қоса фосфор –калий (90-150 кг/га ә.з.) тыңайтқышын береді. Ерте көктемде ылғал сақтау үшін танапты тырмалайды. Ауыр топырақты жерлерде танапты тайыз етіп (15 см) жыртады. Ал орташа балшықты жерлерде тереңдете қопсытады (культивациялайды). Себер алдында жүргізілген қопсыту кезінде танапқа азот -( 45-60 кг/га ә.з.) тыңайтқышын береді. Содан кейін танаптың бетін тегістеген дұрыс. Себер алдында танапты сақина катоктарымен тығыздайды.
Шығыстың ешкі шөбін ең қолайлы себу мерзімі ерте көктемде. Себу топырақ бетінің тұқым сіңіру қабаты +6-70С жылығанда жүргізіледі. Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында оңтайлы себу мерзімі болып мамыр айының орта кезі. Ал енді көктем салқын және жаңбырлы болған жағдайда ешкі шөбін маусым айында да себуге болады. Ешкі шөбін себу әдісі танаптың арамшөптерден таза болуына және сепкен дақылды не үшін пайдалануға жоспарланғанына байланысты. Көк шөп және пішен ұнтағын,түйіршіктер дайындау үшін ешкі шөпті қатарлап сепкен тиімді (15 см). Ешкі шөбінен жоғары өнімді пішен, сүрлем алу үшін көбінесе кең қатарлап, қатараралығын 45-60 см етіп себеді. Осылай сепкен ешкі шөбі жақсы сүрленеді және оның сапасы, желінгіштігі артады.
Шығыстың ешкі шөбін қатарлап әр түрлі мерзімде шалғындық атқонақпен, субидайықпен қылтықсыз арпабаспен және тағы басқа астық тұқымдас шөптермен себу тиімді екенін көрсетті. Бұл жағдайда көктемде оңтайлы мерзімде қатараралығын 45-60 см ешкі шөбін себеді де жаздың аяғында оның арасына қатараралығын 15 см етіп жоғарыда аталған шөптерді себеді. Тұқымды көкөніс сепкіштерімен (СОН-2,8) себеді. Осылай себілген танаптың көк балаусасын сүрлемге салуға, көк азық ретінде малға беруге өте тиімді. Сондықтан келешекте шығыстың ешкі шөбінің осылай себілген қоспасын шаруашылықта игеру өте ыңғайлы болмақ. Жоғарыда айтқандай ешкі шөбінің тұқымын скарификациялау қажет. Скарификацияланбаған тұқымның өнгіштігі 30-40% аспайды. Ол үшін ешкі шөбінің тұқымы күкірт қышқылында 1,5-2 сағаттай ұсталынуы керек. Тұқым партиясы көп болған жағдайда оны арнаулы қондырғыштарда скарификациялайды немесе осыған беде үйкегішті (клеверотерка) бейімдеп пайдаланады.
Шығыстың ешкі шөбінің тамырында түйнектер жақсы байланып дамуы үшін, тұқымды себер алдында нитрагинмен инокуляция (жұқтыру) жүргізеді. Ол үшін алдымен бұрынғы ешкі шөбі себілген танаптан түйнек байланған ұсақ тамырларды қазып (әр гектарға 100-200 г керек болады) оны арнаулы ыдыста (ступа) жақсылап езгілейді де су құяды. Міне осы “ерітіндімен” себер алдында тұқымды суландырады. Осылай өңделген тұқымды сепкенде ешкі шөбінің өнімі 10-15% артатынын көрсетті. Кеңқатарлап сепкенде әр гектарға 20-25 кг қатарлап сепкенде –25-30 кг өнгіш тұқым себіледі. Астық тұқымдас шөптерді ешкі шөбінің қатараралығына себу мөлшері 50-60% себеді, яғни шалғындық атқонақты 6-7 кг, қылтықсыз арпабасты-9-12 кг, субидайығын (канареечник тростниковидный) –6-8 кг/га мөлшерінде алады. Ешкі шөбінің себу тереңдігі 1,5-2,0 см аспауы керек. Одан тереңдеу себілсе далалық өнгіштігі төмендеп кетеді. Тұқым бөртіп өніп шығуы үшін мол ылғал қажет. Сондықтан тұқым себілген танапты жеңіл тығыздағыштармен тығыздау жұмыстарын жүргізеді.
Тұқым себілгеннен кейін ол 7-12 күнде толықтай өніп шығады. Өскіндері алғашқы кезеңде баяу өседі де арамшөптермен өздігінен күресе алмайды. Сондықтан өскін толық шыққаннан 10-15 күндей өткесін ешкі шөбінің биіктігі 3-4 см жетіп қатарлары анық көрінгесін бірінші рет арамшөптерге қарсы культивация жүргізіледі. Өңдеу жұмысын тереңдетпей өте сақтықпен жүргізу керек. Екінші рет қатараралығын өңдеу 20-25 күн өткесін жүргізеді. Одан кейінгі қатараралығын өңдеу жұмыстары арамшөптердің шығуына, топырақ бетінің қабыршықтануына байланысты жүргізіледі. Қатарда қалған ірі арамшөптерді қолмен жұлып тастау керек.
Жаздың аяғында ешкі шөбінің өсімдігін фосфор және калий (45-60 кг/га ә.з.) тыңайтқыштарымен қоректендіреді. Астық тұқымдас шөптердің қоспасын әртүрлі мерзімде себеді, бірақта екі рет культивация жүргізбей себілмейді. Осымен бірінші жылғы күтіп-баптау жұмыстары аяқталады.
Екінші және одан кейінгі жылдары жүргізілетін күтіп-баптау жұмыстары қиындық туғызбайды. Қатараралығы арамшөптерден таза танапты тереңдеткіш-қопсытқышы ілінген культивациямен өңдейді. Ал астық тұқымдас қоспалар себілген танапта тырмалау жұмыстары жүргізіледі. Осындай жұмыстар танапты орып алғаннан кейін қайталанады. Танапты көбінесе фосфор, калий тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіреді. Егер өсімдіктің дамуы нашар болса оған азот тыңайтқышын береді. Танапты фосфор және калий тыңайтқыштарымен қоректендіру ерте көктемде, не болмаса күзде вегетация кезеңі тоқтағанда жүргізіледі. Азот тыңайтқышы тек қана көктемде не болмаса бірінші орудан кейін беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет