Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет78/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Өсіру технологиясы. Ферма маңындағы мал азықтық және көкөністік ауыспалы егісте тарнаны отамалы дақылдардан және көк азыққа себілген біржылдық бұршақ тұқымдас шөптерден кейін орналастырады. Танаптық ауыспалы егісте оны күздік астық, дәнді бұршақ, отамалы дақылдардан кейін орналастырады. Тарнаны қырыққабат тұқымдастардан кейін себуге болмайды. Негізгі топырақ өңдеу жұмысы алғы дақылға байланысты жүргізіледі. Тарна терең жыртылған, жақсы қопсытылған топырақта жақсы өсіп дамиды.
Күзде танапты негізгі өңдеу алдында әр гектарға 30-40 т көң, 2-3 ц суперфосфат, 1,0-1,5 ц калий тұзын шашады. Көктемде тұқым себер алдында әр гектарға 1,0-1,5 ц аммиак селитрасын шашады. Тарнаның тұқымын себер алдында көлеміне қарай ірі және ұсақ екі фракцияға бөліп, себуге ірі тұқымдарды пайдаланады. Тарнаны ерте көктемде көкөніс сепкіштерімен себеді (СОН-2,8, СКОН-4,2 т.б.). Себу әдісі кеңқатарлы қатараралығын 45-60 см. Себу мөлшері әр гектарға 2-3 кг өнгіш тұқым. Тұқым сіңіру тереңдігі жеңіл және орташа топырақта 2-2,5 см, ауыр топырақта – 1-1,5 см. Тарнаны көшеттермен отырғызғанда оларға СРДН-2, СКН-6А, РПШ-4 т.б. машиналарды пайдаланады. Көшеттерді шаршы-ұялап (60х60 см), не болмаса кеңқатарлап (60 см) себеді. Тарнаның қатараралығын пәлегі қатты өсіп қосылып кеткенше әртүрлі тереңдікте (4-5 см-ден 10-12 см дейін) 3-4 рет қопсытады. 2-3 жапырақ салған кезеңінде сирету жұмысы жүреді. Қатардың әр метрінде 3-4 түптен қалдырады.
Вегетация кезеңінде тарнаны 3 ретке дейін суарады: 1ші – сирету жұмыстарынан кейін, 2ші – тамыры жуандайтын кезеңінде; 3ші – жиынға 25-35 күн қалған кезде жүргізеді.
Тарнаны бөлектеп жинайды. Алдымен пәлегін роторлы шапқыш-ұсатқышпен (КИР-1,5, УБД-3А т.б.) жинайды. Пәлегін жинап алғаннан кейін тамыржемісін тамырқазғыштармен (ККГ-1,4 т.б.) жинап, ферма маңындағы қоймаға немесе шұңқырға тасиды.
Мал азықтық шалқан. Шаруашылық маңызы және таралуы. Мал азықтық шалқан (Brassіca rapa L.) қырыққабат тұқымдасына жататын екі жылдық мал азықтық тамыржемісті өсімдік. Ол ерте заманнан көкөніс ретінде гректерге және римдіктерге белгілі болған. Ресейде шалқанды 19 ғасырдың орта кезінде өсіре бастаған. Оның екі түрі өсіріледі. Асханалық түрі – шомыр, мал азықтық түрі – шалқан деп аталады (1-сурет).
Шалқан сиырдың сүттілігін көтереді және шошқаға, үй қоянына, құстарға жақсы мал азығы болып есептеледі. Оны жас күйінде пісіріп, не болмаса сүрлем түрінде пайдаланады. Шалқанның пәлегі жақсы мал азығы, онда протеин, күл заттары, аскорбин қышқылы және каротин жеткілікті мөлшерде. 100 кг шалқан тамыржемісінде 9 а.ө. және 0,4 кг қорытылатын протеин, жапырағында – 11,2 а.ө. және 0,9 кг қорытылатын протеин бар. Жапырағын сүрлем, түйіршіктер, шөп ұны түрінде пайдаланады.
Шалқанның өсімдігі су үлесінің молшылығымен ерекшеленеді, құрғақ затының үлесі 7-14% ғана. Құрғақ затының айтарлықтай үлесін (40,0-54,3%) көмірсулары түзеді. Шалқанда витаминдер мен минерал заттары көптеп кездеседі. Оның 1 кг тамыржемісінде 210-270 мг витамин С, 9,7 мг витамин РР, 0,4 мг витамин В2, 0,2-0,4 мг В1 және 1,4 мг пантотеон қышқылы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет