Арнайы дидактика. Арнайы дидактиканың басты мәселесі еңбекпен оқыту мен тәрбиелеу мәселесі болып табылады. Арнайы мектептерде еңбек үлкен мәнге ие болады, мұнда тек қана оқушыларды өмір мен лайықты мамандыққа даярлап қана қоймай, ақыл – ойы және физикалық дамудың әлсіз ақауларын қалпына келтіруге әдістейді. Еңбек икемділігі мен дағдыларына меңгере отырып, балалар жан – жақты даму мүмкіндіктерін алады.
Коррекция – (латын тіліндегі Correctio – дефектологиядағы түзету) балалардың психофизикалық дамуындағы кемістіктерді әлсіретуге бағытталған педагогикалық шаралар жүйесі. Коррекция жеке ақауларды түзету (мәселен, сөйлеу мәнері немесе көзді түзету), сондай – ақ кемтар баланың жеке тұлғасында оны оқыту, тәрбиелеу және дамыту процесінде оң нәтижеге жетуге арналған тұтас ықпал ету.