Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары


)Химия ғылымында ЭЕМ-нің қолданылуы



бет86/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

31)Химия ғылымында ЭЕМ-нің қолданылуы
Электронды есептеуіш машиналар-деген сөз.
Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығаруға арналған құрылғы. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару.Есептеуіш техника — есептеу және мәліметтерді өңдеу процессінің маңызды компоненті болып табылады. Есептеуге арналған алғашқы құрал ретінде есептеу таяқшаларын атауға болады, бұл құрал қазіргі кезде де бастауыш сынып оқушыларын есепке үйрету үшін қолданылады. Даму жолында бұл құралдар күрделене түсті (мысалы, финикиялық саз фигуралары).Уақыт өте келе, қарапайым құрылғылардан күрделі құралдар пайда бола бастады: абак, логарифмдік сызғыш, механикалық арифмометр, электронды компьютер. Алғашқы есептеуіш құрылғылардың қарапайымдылығына қарамастан, олармен жұмыс жасауға үйренген адам, қазіргі заманғы калькуляторларды пайдаланғаннан да жылдам есептер жүргізе алады. Әрине, қазіргі заманғы есептеуіш құрылғыларының жұмыс өнімділігі және есептеу жылдамдығы ең жылдам есептегіш адамның өзін шаң қаптырып кетеді. Химиялық реакцияларды компьютерлік модельдеу – бұл теориялық физиканың, қолданбалық математиканың және химияның бірігіп қалыптасуы нәтижесіндегі білім облысының туындысы. Компьютерлік химияда көпатомдық молекулалардың құрылысы және олардың арасындағы реакциялардың мөлшерлік теориясы құрылды. Көп жылдық тарихы бар компьютерлік химия молекулярлық деңгейде микроәлемнің қалай ұйымдасқанын түсінуге мүмкіндік берді. Ол өте жоғары сенімділік дәрежесінде мөлшерлік болжау жүргізуге мүмкіндік берді. Біріншіден, мұндай болжауға негізделіп, қандай да бір молекуланың немесе молекулалық жүйенің тұрақты болуын бағалауға болады. Екіншіден, мұндай молекулярлық жүйелердің меншіктік сипаттамаларын (құрылысының геометриясы, молекуланың ішіндегі зарядтардың таралуы, және т.б.) анықтауға болады. Үшіншіден, қандайда бір химиялық реакциялардың бағыттарын анықтауға болады. Қуатты және жылдамдығы жоғары ЭЕМ-нің дамуымен бірге мықты бағдарламалық қамтамасыздау мұндай болжау жасауға зерттеушілердің көбісінің әр түрлі бағыттарда жұмыстарын жемісті жүргізуге мүмкіндік берді.
Компьютерлік химияның негізгі бағыттары:
-жаңа және тиімділігі жоғары заттарды іздеу және таңдаудың түбегейлі жаңа копьютерлік бағдарламаларын құрастыру және жасау;
-функционалдық белсенді заттардың кең спектрі үшін құрылым-белсенділік байланысының мөлшерлік талдамасын жасау;
Химияда да инженерлік есептеулер жүргізу мүмкін болды. Олардың сенімділігінің дәлдігі 80-90 %-ды құрайды. Егер бұрынғы уақыттарда нәтижелерді алу өнер болып есептелсе, ал қазіргі кезде бұл үрдіс тек уақытқа байланысты болып отыр. Ал шығармашылық жағына тоқталар болсақ, онда ол модельдерді жасаумен байланысты болып отыр. Сондықтан каанттық-химилық есептеулермен қатар жүргізілетін зерттеулерді де «эксперимент» деп атауға болады. Тек қана бұл «экспериментті» ЭЕМ-де жүргізеді. Кванттық химияның әдістерімен орындалатын нақты химиялық есептердің шеңбер аясы өте кең.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет