Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары



бет27/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

21. Қазақстандағы ғылыми мектептер
1991 жылы жаңа үлгідегі мектептер мен арнайы орта оқу орындары ашылды: лицей, гимназия, техникалық-кәсіптік мектептер, колледждер.
1995 жылы Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға міндетті тегін орта білім алу жарияланған болатын.
2003 жылы Қазақстанда 8160 мемлекеттік жалпы білім беру мектебі жұмыс істеді, олардың ішінде қалалық – 2016 және ауылдық – 6144.
Оқу жүргізілген мектеп оқушыларының саны қазақ тілінде – 1 млн. 683 мың 700 адам, орыс тілінде – 1 млн. 300 мың 200 адам, өзбек тілінде – 87 мың 300 адам, ұйғыр тілінде – 21 мың 500 адам.
«Дарын» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 8 облыста дарынды балалар үшін интернат-мектептері және арнайы мектебі бар «Дарын» республикалық ғылыми­­­­-тәжірбиелік орталығы құрылды. 1996 жылдың аяғында шетелдік отандастарымызды қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарлама құрылды. Мұнда тарихи отанына оралған оралмандарды оқыту және қайта оқыту кіреді.
1997 жылы республика мектептерін компьютерлік сыныптармен қамтамасыз ету мақсатында Орта білім беру жүйесін информатизациялау мемелкеттік бағдарламасы қабылданды.
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру белсенді жүріп жатыр: 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасыдағы білім беруді дамыту, 2004-2010 жылдарға арналған ауыл территориясын дамыту. Жаңа редакцияда «Білім туралы» Заң және 2008-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ғылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, бұл осы аталған саланың жүйелі дамуын қамтамасыз етеді. «Жалпы білім беру мектептері үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік жинақ дайындау және шығару туралы» бағдарлама компьютерлік, жаңа технологияларды енгізуді қарастырады.
Озық құрылымдық реформалардың арқасында тәуелсіздік алғалы еліміздегі білім беру тұрақты даму траекториясына шықты. Бұл халықаралық деңгейдегі сапалы және сандық көрсеткіштермен расталады:
Қазақстан білім беруді дамыту индексінде әлемнің 129 елі ішінен 1-ші орынды иеленді («Теңсіздікті жою: басқарудағы маңызды рөл» жаппай білім беру мониторингі жөніндегі 2009 жылғы ЮНЕСКО-ның жетінші Дүниежүзілік баяндамасының деректері бойынша);
Біріккен Ұлттар Ұйымының «Кедергіден өту: адами шапшаңдық пен даму» баяндамасының мәліметтері бойынша 2009 жылы Қазақстан адами даму индексі бойынша 82-ші орынды иелене отырып, алғаш рет адам әлеуетінің дамуы жоғары деңгейлі елдердің қатарына енді;
2009 жылы Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумы халықаралық үкіметтік емес ұйымы жүргізген Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингісінде 67-ші орынды иеленді;
2010 жылдың 11 наурызынан Қазақстан орталық-азия мемлекеттері ішінде бірінші болып еуропалық білім беру кеңістігінің толық қанды мүшесіне енді (Болон процесі).


2009-2010 оқу жылында 7576 жалпыға білім беру мектебі жұмыс істеді, оларда 2 486 303 бала білім алды. 1991 жылмен салыстырғанда педагогтардың саны айтарлықтай жақсарды. 1991 жылы мектептерде – 270228 педагогтар жұмыс істеді, олардың ішінде 178634 (66,1%) жоғары білімі бар, 70695 (26,16%) – орта кәсіптік, 11929 (4,2) % - аяқталмаған жоғары білім, 9432 (3,3%) – жалпы орта білім.
2010 жылы республиканың жалпы білім беру мектептерінде 274914 педагог жұмысы еңбек етеді, олардың ішінде 236271 (85,9%) жоғары білімі барлар, бұл 1991 жылмен салыстырғанда 19,8% өскен.
Орта кәсіптік білімі бар педагогтар саны 1991 жылмен салыстырғанда 13,56% қысқарды.
Кабинеттерді жаңа қалыпта түрлендіру 2005 жылдан бастап жүргізілуде. Физика кабинеттері - 4508, ЛМК-2077, интерактивтік тақталармен 100 мектеп жабдықталды.
Мектептерді компьютерлендіру толық аяқталды, 98% мектеп Интернет желісіне қосылды.
Жалпыорта білім беру ұйымдарын, оның ішінде ауылдық мектептерде компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мультимедиялық кабинеттерді есепке алғанда 1 компьютерге 18 оқушыдан келеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет