Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары


Ауыл шаруашылығы химикаттарының қолданылуы



бет76/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

22 Ауыл шаруашылығы химикаттарының қолданылуы.
Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.
Қазіргі таңда ауылшаруашылығында тыңайтқыштар мен фитосанитарлы өнімдер ( пестицидтер ) қатал белгіленген мөлшерлерде көптеп қолданылады. Олар негізінен Ауылшаруашылық дақылдарының дұрыс өсуін қамтамасыз ететін азоттың, фосфордың және калийдің қажетті деңгейін ұстап тұру үшін, және ө сімдіктердің жәндіктерге ауруларға және зеңге қарсылығын күшейту үшін қолданылады.
Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.
Ауыл шаруашылығында пестицидтерге өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін пайдаланатын - дефолианттар, өсімдіктің артық гүлдерін құрту үшін - дефлоранттар, өсімдіктің дамуы мен өсуің реттейтін - химиялық заттар, арамшөптерді жою үшін _ гербицидтер, жәндіктер, кемірушілер және басқа да жануарларды үркіту үшін қолданылатын химиялық заттар - репелленттер, жою үшін алдымен жәндіктерді еліктіретін - аттрактанттар, жәндіктерді жыныстық стерилдеу үшін қолданатын - стерилизаторларды жатқызады.
Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек. Сонымен қатар пестицидтер дің адамдарға зияны аз түрлері де ойластырылуда.
"Пестицидтердің (улы химикаттардың)қауіпсіздігіне қойылатын талаптар"техникалық регламенті.
-Пестицидтердің (улы химикаттардың) тізімі – қазақстан республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген, тіркелген пестицидтердің (улы химикаттардың) тізбесі;
-Пестицидтің (улы химикаттың) шекті рұқсат етілген концентрациясы (бұдан әрі - ШРК) - ұзақтығы шектелмеген уақытта күн сайын әсер еткен жағдайда ауру немесе адам денсаулығы жағдайының ауытқуын тудырмайтын пестицидтің (улы химикаттың)әсер етуші затының көлем (ауа, су), салмақ (тамақ өнімдері,топырақ) немесе сыртқы (жұмыскерлердің терісі) бірлігіндегі саны;
-Пестицидтер (улы химикаттар) қауіпсіздігінің паспорты пестицидтердің (улы химикаттардың) сипаттары және оларды қолдану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы деректерді қамтитын құжат;
-Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу – нәтижелері бойынша қазақстан республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға қазақстан республикасының аумағында қолдану құқығына арналған тіркеу куәлігі берілетін, препараттарды биологиялық, токсикологиялық, санитарлықэпидемиологиялық және экологиялық бағалау процесін аяқтайтын рәсім;
Пайдалану (қолдану) регламенті - пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар;
 -Қазақстан республикасының аумағында айналымға түскен пестицидтер (улы
химикаттар) мемлекеттік тіркеуден өтеді және қазақстан республикасының
аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің (улы химикаттардың)
тізіміне енгізіледі.
 -Пестицидтер (улы химикаттар) нарыққа жеткізілген кезде пестицидтің (улы
химикаттың) сипаттары және оны сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану және
залалсыздандыру (кәдеге жарату, жою) кезінде нақты пестицидпен (улы
химикатпен) қауіпсіз жұмыс істеу жөніндегі шаралар туралы толық ақпарат
бар қауіпсіздік паспортымен сүйемелденеді.
Пестицидтерді қолданудың салдары
-Жартылай ыдырау мерзімі 50 жылдан артық болғандықтан, қоршаған орта
обьектілерінде жинақталған ДДТ қоректік тізбек арқылы адамдар мен
жануарлардың денесіне өткен. Осы жағдайдың салдарынан әсіресе балалар
өлімі, тұрғындардың арасында басқа да ауру түрлері көбейген. ДДТ- ның
биосферада көп таралғаны соншалықты, антарктидадағы пингвиндердің
бауырынан да табылған.
 -Пестицидтерді қолдану тәжірибесі ашық су қоймалары мен жер асты
суларының , топырақ пен атмосфераның ластануына алып келеді. Ең
сорақысы пестицидтерге тұрақты жаңа зиянкестер популяцияларының пайда
болуына және табиғи экожүйеге улы химикаттардың кері әсерлерін
туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет