Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары


Нанотехнологиялар – құс шаруашылығына арналған жаңа екпелерді алу жолдары



бет92/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

37 Нанотехнологиялар – құс шаруашылығына арналған жаңа екпелерді алу жолдары.
Өнеркәсіптік құс шаруашылығындағы иммундық профилактика құстардың инфекциялық ауруларымен күресудің негізгі тәсілі болып табылады. Осы мақсатта тірі және инактивтендірілген вакциналарды қолдану, әдетте, иммунитеттің спецификалық қана емес, сонымен қатар спецификалық емес факторлары мен тетіктерін стимуляциялауға да алып келеді. Ал бұл құс шаруашылығының эпизоотикалық қолайлылығын қамтамасыз етеді.
Құстарға арнап вакцина әзірлеудегі негізгі жетістіктер өткен ғасырдың 50-90-жылдарына қатысты, ол кезде құстар аурулары қоздырғыштарының көпшілігіне қарсы спецификалық биопрепараттар алынған еді. Қазірде ауруларды қоздырғыштардың жаңа эпизоотикалық штаммдары пайда болуына орай, бірқатар белгілі вакциналардың тиімділігі жеткіліксіздігі, антигендерді лиофилизация мен инактивтендіруге арналған қорғаныс құралдарын дұрыс таңдамау салдарынан оларды сақтау мерзімінің қысқаруына алып келетін тез «қартаю» байқалуда, балластық заттардан дұрыс тазаламаудың салдарынан құстарда артық реактогендік пайда болуы мүмкін.
Вакцинаны өндірумен айналысатын алдыңғы қатарлы биокәсіпорындар мен фирмалар құстардың иммуногендігі мен қауіпсіздігі көрсеткіштерінің сапасын арттыра отырып, оларды үнемі жетілдіреді. Мүлдем қауіпсіз вакциналар болмайтыны сияқты, жекелеген вакциналар құратын иммунитет те ұзақ сақталмауы мүмкін. Сондықтан да вакцинологиядағы одан арғы прогресс нанотехнологиялар сияқты ғылыми жетістіктерге негізделетін болады.
Нанотехнологиялар – жұмысы көлемі 1-ден 100 нанометрге дейінгі реттелген фрагменттер, яғни наноқұрылымдар арқылы анықталатын материалдар, құрылғылар мен техникалық жүйелерден тұратын өте кішкентай нысандар туралы ғылым. Қазіргі заманғы физика, химия және биологиядағы жетістіктердің арқасында молекулаларды, атомдар тобы мен жекелеген атомдарды да басқаруға болады. Бұл ғылым түрі фантастикадан нақтылыққа айналып келе жатқан шындық.
Практикада қолданылатын инженерлік – жобаланған микроскопиялық нанобөлшектер мына топтарға бөлінеді: полимерлі, қыш, металл, көміртектілер (фуллерендер мен нанотрубкалар), липосомалар, суспензиялар және басқалар.
Қазіргі кезде биотехнологиядағы наноматериалдарға қойылатын негізгі талаптар айқындалған, олар:
-улылықтың болмауы, биосәйкестік және биодеградацияға бейімділік;
-бөлшектердің диаметрі 100 нм артық болмауы; қандағы физикалық тұрақтылық (агрегацияның болмауы);
-шағын жасушыларды, пептидтерді, ақуыздар мен нуклеин қышқылдарын тасу мүмкіндігі;
-өндіру құнының қымбат болмауы.
Құс шаруашылығы үшін вакцияна өндірудегі нанотехнологиялардың орнын анықтау үшін оларды әзірлеу технологиясына қысқаша тоқталып өтейік:
-вакциналық штаммдарға кандидаттар іріктеу, олардың жасушыларға, тауықтың және басқа да құстардың эмбриондарына мен басқа адаптация;
-тұтас вирустар мен бактериялар түріндегі протективтік антигендерді алу;
-тірі жасушаларды лиофилизациялауды және одан әрі сақтауды, адъюванттау мен инактиваттауды қамтамасыз ететін қорғаныс ортасын таңдау.
-дайын биопрепаратты алу және қажетті бақылауларды жүргізу.
Нанотехнологияны қолдану құс шаруашылығына вакцина әзірлеудің біз атап өткен кез-келген кезеңінде пайдаланылуы мүмкін. Бірінші кезеңде бұл мәдени ортаға наноматериалдарды солюбилизацияның жақсы жүруі үшін жасушы мәдениетінің өсу қасиеттерін арттыру, вакциналық штаммдардың пролонгациялық қасиетін арттыру және олардың инфекциялық белгенділігін ұлғайту үшін, липосомаларға қосылған антибиотиктердің көмегімен инфекциялық агенттерді деконтаминациялау мақсатында қосу. Кейінгі екі кезеңде нанотехнологиялар РНК ДНК жасушаларымен, белгілі бір гендермен, суббірыңғай және жасанды антигендермен іріктеп байланыса алатын препараттарды қолдануға мүмкіндік береді. Осылайша, көміртекті фуллерендер (көміртек атомының 1 нм сферасы) тасушы элемент ретінде қызмет атқара алады. Үлкен кеңістік фуллерендерге түрлі антигендерді қосуға, сондай-ақ лиофилизделген вакциналарды инфекциялық белсенділігін уақытынан бұрын төмендеп кетуін туғызатын басты себептердің бірі болып табылатын бос радикалдарды дезактивациялауға жағдай жасайды.
Басқа да белгілі наножеткізушілерге полимерлік қосындылар – поливинилпирролидон, полибутилцианоакрилат, хитозан; фосфолипидті липосомалар, цитокиндер және тағы басқалар жатқызылады. Бұлардың көпшілігі айқын адъювантты қасиетке ие және оларды вакцина құрамына енгізу аса жоғары қорғанысты қамтамасыз етеді.
Вакциналарға және дәрілік препараттарға қосуға қолданылатын фосфолипидті липосомаларды пайдалану бойынша мол тәжірибелер бар. Липосомалар – бір немесе одан да көп концентраттық липидті қабаттардан тұратын жасанды липидті қабықшалар. Осының арқасында ол ағзаның жасушалық мембранасының құрамы мен құрылымына ұқсас болып келеді. Көп жағдайда оны жасау үшін жұмыртқаның сары уызынан немесе сояның фосфатидті концентратынан алынатын фосфатидилхолин (ФХ) қолданылады. Ресейдің РМҒА Гематология және трансфузиология ҒЗИ-да соя фосфатидті концентраты мен L – токоферолдан «Липоферол» липосомальды суспензиясы (патент РФ № 2071765) алынған. Мұндай липосомалардың көлемі 10-50 нм құрайды. «ВНИИБП» штаммынан құстардың инфекциялық ларинготрахеитіне (ИЛТ) қарсы құрғақ липосомалды вирустық вакцинасына РФ №2138290 патентін алынды. Ол РФ тіркелген және өндірісте қолданылады.
Құс шаруашылығында вирустық вакцина жасау мақсатында қолданылатын «Липоферол» суспензиясы негізіндегі қорғаныс ортасының (патент РФ № 2306949) да келешегі бар. Оның негізінде «Ла Сота» штаммы мен «ВНИИБП» штаммындағы ИЛТ ньюкасл ауруына қарсы ассоцияланған липосомальдық вакцина оң нәтижемен сынақтан өткізілді.
Нанотехнологияларды вакцина өндіру барысында қолданылатын қондырғыларды, әсіресе, ауа өткізгіштерді, құбырлар мен кәріз жүйесін залалсыздандыруда пайдалану өте маңызды сәттердің бірі болуы ғажап емес. Бұл мақсаттағы кандидат күміс ионы деп аталады. Ультрадисперсті жағдайдағы зат тірі ағзаларға кері әсер етуі мүмкін болғандықтан, оларды қолдану нормативті құжаттармен реттелген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет