Екінші бөлім В деңгейі. Дискреттілік және ырғақтылық ұғымына анықтама бер
Сөйлемдегі нүктенің орнының толтыр: Молекулалар .... тұрады, молекулалардан .... түзіледі, олар жасуша түзеді, жасушалардан .... түзіледі, ал олардан мүшелер түзіледі.
Үшінші бөлім С деңгейі. Өзін өзі реттеу қасиетін мысал келтіріп, түсіндір
Гемоглобинді мысалға алып, деңгейлерге сипаттама бер.
3-тақырып. Жердегі тіршіліктіктің пайда болуы 1-нұсқа Бірінші бөлім А деңгейі. Абиогенезді жақтаушылар тіршілік:
а) басқа планеталардан келді деген; в) өмір бойы болды;
с) құдай жаратты д) өлі табиғаттан пайда болды.
«Тіршілік күші» ұғымын жақтаушылар:
а) виталистер; в) этернистер; с) оппортунитстер; д) креацеонистер.
Тіршіліктің биохимиялық жолмен пайда болу гипотезасын ұсынғандар:
а) С.Аррениус пен Дж. Оро; в) А.И. Опарин мен Дж. Холдейн;
с) Дж.Бернал мен С.Миллер; д) Ф.Реди мен Л.Пастер
Л. Пастер тәжірибесі нені дәлелдеді:
а) қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болуын;
в) тіршіліктің мәңгілік екенін;
с) қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын;
д) бактериялардың қолайлы жағдайда көбейетінін.
Опарин мен Холдейн теориясына байланысты Жердегі тіршіліктің пайда болуының үшінші сатысы:
а) биополимерлердің түзілуі; в) мембранасы бар структуралардың түзілуі;
с) коацерваттардың құрамына нуклеин қышқылдарының кіруі.