Екінші бөлім В деңгейі: В1
Сапалық белгілердің реакция нормасы ...
Сыртқы орта жағдайдарының әсерінен болатын өзгергіштік ...
Хромосомалар санының гаплоидтық хромосомалар санына сәйкес екі еселенуі ...
Хромосомалардың бір бөлігінің түсіп қалуы ...
Адамның көк көз түсінің тұқым қуалауы ....
Егер егіздердің екеуінде де белгі байқалса, ол ... деп аталады.
Жыныстық көбею негізінде жатқан өзгергіштік....
В2 . Сәйкестікті анықта.
Адамның аурулары
|
Сипаттамалары
|
Даун синдромы
Тернер-Шерешевский синдромы
Клайнфелтер синдромы
Альбинизм
Гемофилия
|
А) Жыныс хромосомалары ХХУ
Ә) қан ұйымау ауруы
Б) теріде меланин пигментінің дұрыс түзілмеуі
В) 21 жұп хромосоманың біреуге артық болуы.
Г) Жыныс хромосомалары ХО
|
В4. Артық ұғымды көрсет:
Альбинизм дальтонизм гемофилия полидактилия
В5. Дұрыс тұжырымды көрсет:
Мутациялар пайда болу деңгейіне байланысты геномдық ,гендік және хромосомалық болып бөлінеді; 2) Хромосомалық мутацияларға Даун ауруы, Тернер Шерешевский ауруы жатады; 3) Қандай да бір белгі бойынша егіздердің ұқсастығын дисконкорданттылық, ал белгі олардың тек біреуінде ғана болып екіншісінде болмаса диконкорданттылық деп аталады; 4) Генеалогиялық әдіс бойынша адамның қалыпты және патологиялық белгілерінің тұқым қуалауын зерттеуге болады; 5) Модификациялық өзгергіштік тұқым қуалайды.
Үшінші бөлім. С1.
Комбинативтік өзгергіштіктің негізінде не жатыр?
Адам генетикасының ерекшеліктері.
С4. 1-есеп. Мына суреттегі пробанданың отбасындағы тұқым қуалау белгілері шежіре арқылы көрсетілген.
А) Пробанданың мына кестеде қанша ұрпағы берілген?
Ә) Пробанданың әкесі жағынан атасы мен әжесінде неше бала болған?
Б) Пробанданың жынысы ...
В) Зерттеген белгі пробандада бар ма?
Г) Осы шежіре бойынша пробандада бар белгі нешеуінде бар?
Ғ) Осы белгі рецессивті ма, әлде доминантты ма?
Д) Белгі қай жұп хромосомада (аутосома, әлде гоносомада ма) орналасқан.
Е) Пробанданың, ағасының, әкесі мен анасының генотипін анықта.
4. С4. 2-есеп. Алты саусақты еркек саусақ саны қалыпты әйелге үйленді. Олардан қалыпты саусақты бір ұл және алты саусақты екі қыз туылды. Алты саусақты бір қызы қалыпты саусақты жігітке тұрмысқа шығып, олардың алты саусақты бір ұлы, қалыпты саусақты бір ұлы, бір қызы болды. Тұқым қуалау сипатын анықтап, шежіре құрастырып, аталған отбасы мүшелерінің генотипін анықта.
Достарыңызбен бөлісу: |