Дегенмен, баспасөз қарқынды өріс алып, кең тарағанымен, баспа ісін ашу, баспахананы қалыптастыру үрдісі кейін қазақ даласына советтік билік орнаған соң келді
3. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы әдеби үрдіс -кітап бастыру ісі: қазақ кітаптары, баспа орындары, авторлар
Жазба әдебиетінің дамуынан болған кітаптар шығару ісі Алаш ұлт-азаттық қозғалысының кезеңімен тұспа-тұс келеді. Алайда осы орайда қазақ ақын-жырауларының шығармалары мен көне хисса-дастандардың, ертегілер мен батырлар жырының жарияланып тарағанын жоққа шығармаймыз. Фольклорлық мұралардың бірнеше мәрте бастырылып көршілес Қазан, Уфа, Орынбор, Ташкент, Астрахан және Санкт-Петербург қалаларындағы жеке меншік баспалардан жарық көргені белгілі. Алайда өзімізде жеке баспа болмағандықтан ұлттың ұлы ақыны Абайдың жырлары кітап болып 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында жарық көргенін айта кетуіміз лазым. Бұл уақытта Ресейде баспа ісі жанданып, біршама жетіліп, бір ғана жазушы, баспагер Н. Новиков баспахана, кітапхана, мекемелер ашып, кітап дүкендерін ұйымдастырған.
Қазақтың оқыған азаматтарының топтасып, елі мен жерінің қорғанына айналу және жас қазақ баласының көкірегіне сәуле құю үшін газет ашып, баспа ісін жандандыру үшін ұлттың саяси көсемі Әлихан Бөкейханның тікелей басшылығымен Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетін шығарды. Алғашқы қазақ журналы «Айқаптың» бас редакторы Мұхамеджан Сералиннің де түпкі мақсаты қазақтың санасы ояту, патшалық отаршылдықтың зардаптарын елге көрсету, оқыған қазақ жастарының пікір алуандығын жариялау.
Дегенмен, баспасөз қарқынды өріс алып, кең тарағанымен, баспа ісін ашу, баспахананы қалыптастыру үрдісі кейін қазақ даласына советтік билік орнаған соң келді. Алашорда үкіметінің күресі біржолата тоқтатылып, кейбір зиялылардың Қазақ АССР құрамында қызмет етті. Ахмет Байтұрсынұлы басқарған ҚазАССР Оқу-ағарту халық комиссариатының аса маңызды қызметі – қазақ баспасының құрылуы, баспаханалардың қалыптасуы және тұтастай алғанда баспа ісінің өркендеуіне жол ашуы.
1921-1922 жылдарда Қазақстанда 29 баспахана, бір литография жұмыс істеді. Бір жылдың ішінде Мемлекеттік баспа (Госиздат) тиражы 27 мың дана 20 кітап шығарды. «Қазақстанда баспа ісін қайта құру туралы» Қазақ өлкелік партия комитетінің қаулысынан кейін (22 қазан, 1931) аталған баспа «Қазақстан баспасы» (Казиздат) болып қайта құрылды. Миіне, бұл істерде, қазақ баспасының даму тарихында А. Байтұрсыұлының қолтаңбасы болғандықтан, оны ұлт тұлғаларынан шыққан тұңғыш баспагер деп мойындауымыз қажет.