Caption қасиеті батырма жанында шығатын жазудан тұрады. Alignment қасиеті жазудың батырманың қай жағынан шығатынын анықтайды. Оның мəндері:
taLeftJustify- сол жақтан, taRightJustify- оң жақтан (қалыпты жағдайда). Checked қасиеті бұл батырманың қолданушы арқылы таңдалғанын немесе таңдалмағанын көрсетеді. Оның мəні true болса, батырма таңдалған, false болса- таңдалмаған. CheckBox компоненті жалаушалы индикатор немесе басқаларға тəуелсіз ауыстырып- қосқыш батырма болып табылады. Ол қосымшада қолданушы қандай да бір опцияны қосу немесе айыру үшін қолданылады. Бұл компоненттің қасиеттері де RadioButton компонентіндей.
Мысал2. Тестілеу программасын жасаңдар. (18- сурет)
Шешуі: Батырма кодтары: var k,n,s :integer; Form1: TForm1; implementation
{$R *.dfm}
{“Ok” батырмасының коды } procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject); begin k:=k+1;radiobutton1.Checked:=false; radiobutton2.Checked:=false; radiobutton3.Checked:=false; if k=1 then begin edit1.Text:='Delphi тіліндегі жоба файлының типі?'; radiobutton1.Caption:='frm'; radiobutton2.Caption:='pas';
radiobutton3.Caption:='dpr' end; if k=2 then begin edit1.Text:='Delphi тіліндегі код файлының типі?'; radiobutton1.Caption:='dpr'; radiobutton2.Caption:='pas'; radiobutton3.Caption:='frm'; end;
if k=3 then edit2.Text:='Дұрыс жауап саны: '+ inttostr(s); end;
{“Келесі” батырмасының коды } procedure TForm1.Button2Click(Sender: TObject); begin n:=n+1; if (n=1) and (radiobutton1.Checked) then s:=s+1; if (n=2) and (radiobutton3.Checked) then s:=s+1; if (n=3) and (radiobutton2.Checked) then s:=s+1; end; end.
Мысал3.Таңдалған жыл мезгілі нөміріне байланысты бұл мезгілге сəйкес ай аттарын шығарыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |