Əдебиеттер: [1]-[7], қ[1]-[5]
12- апта
1 кредит сағат.
Тақырыбы: Delphi-де мультимедиа құралын қолдану. Delphi-де қосымшаға бейне жəне дыбыстық файл қою компоненттері.
Дəріс мазмұны:
Сигналды генерациялаудың Beep процедурасы
Бейнеклип орындатудың Animate компоненті
Қосымшаға бейне жəне дыбыстық файл қоюдың MediaPlayer компоненті, оның қасиеттері.
Windows ортасында жұмыс атқаратын қазіргі заманғы көпшілік программалар мультимедиалық болып саналады. Мұндай программалар бейнероликтерді, мультипликацияларды шығарады жəне əуен, сөзді, дыбыстық эффектілерді жүргізуді қамтамасыз етеді. Мультимедиалық программалардың əдеттегі мысалдары- ойындар мен оқыту программалары. Delphi –де қолданушының мультимедиалық программаларды өңдеуіне мүмкіндік беретін 2 компонент бар:
Animate – қарапайым анимацияны шығаруға мүмкіндік береді.
MediaPlayer – мультимедиалық ойнатқыш. Ол неғұрлым күрделілеу есептерді шешуге, мысалы, анимацияны дыбыспен қамтамасыз ететін бейнероликтерді, дыбыстық файлдарды жүргізуге мүмкіндік береді. (MediaPlayer компоненті келесі тарауда қарастырылады.)
Достарыңызбен бөлісу: |