EncodeDate(Year, Month, Day: Word): TdateTime функциясы – Year – жыл, Month – ай, Day – күн мәндерін TdateTime типінің мәндеріне біріктіреді.
EncodeTime(Hour, Min, Sec, MSec: Word): TdateTime функциясы – Hour - сағат, Min - минут, Sec - секунд, Msec – миллисекунд мәндерін TdateTime типінің мәндеріне біріктіреді.
Енді мерзім мен уақытты TDateTime пішімінен жолдық пішімге ауыстыратын функцияларды қарастырайық:
DateTimeToStr(DateTime: TDateTime): String функциясы – мерзім мен уақытты жолға түрлендіреді.
DateToStr(Date: TDateTime): String функциясы – мерзімді жолға түрлендіреді.
TimeToStr(Time: TDateTime): String функциясы – уақытты жолға түрлендіреді.
Мына функциялар қайтарылатын жолдардың параметрлерімен жұмыс атқарады:
AnsiLoverCase(const S: String): Stringфункциясы – төменгі регистрге түрленген S жолын қайтарады.
AnsiUpperCase(const S: String): String функциясы – жоғарғы регистрге түрленген S жолын қайтарады.