For санауыш:=1-өрнек downto 2-өрнек do әрекет;
Мұнда 1-өрнектің мәні 2-өрнектен үлкен не оған тең болуы тиіс.
Циклдің қайталану саны алдынала белгісіз болған жағдай үшін мына түрде жазылатын циклдің шартты операторын пайдаланған жөн:
While шарт do цикл денесі;
Бұл цикл шарт ақиқат болып тұрған кездің барлығында орындалады. Мұнда шарт бірден жалған болса, онда цикл денесі бір рет те орындалмайды. Мұндай циклдің шарты мен циклдің аяқталуын жазуда өте мұқият болу керек, әйтпесе while циклі шексіз рет қайталанып, бағдарламаның орындалмай тұрып қалуына әкеліп соқтырады.
Қайталаудың шартты операторы алдымен цикл денесін орындайды, сонан соң барып шарттың орындалуын тексереді. Бұл оператор былай жазылады:
Repeat Цикл денесі
Until шарт;
Циклдің бұл түрі оның ең болмағанда бір рет орындалуын ұйымдастырады. Мұнда цикл шарт ақиқатқа айналғанша орындалуын жалғастырады және цикл денесі логикалық begin/end жақшасына алынбай жазылады. Цикл денесінің бас-аяғы repeat және until түйінді сөздерімен анықталады.
Цикл операторларымен қоса арнайы командалар да қолданылады, олар:
Бірінші команда цикл денесі операторларының орындалуы кезінде оны аяқтау қажет болғанда пайдаланылады және ол былай жазылады: Break;
Осы команда орындалғанда басқару цикл операторынан кейінгі бірінші операторға беріледі.
Continue; командасы цикл денесіндегі басқа операторларды аттап өтіп бірден циклдің орындалуын жалғастыруға мүмкіндік жасайды.
Бағдарламаның орындалу ретін өзгертуге мүмкіндік беретін тағы бір оператор бар, ол көшу операторы: goto белгі;
Мұнда белгі ретінде кезкелген жарамды идентификатор немесе 0 мен 9999 аралығынан алынған сандар пайдаланылады. Белгіні алдынала айнымалыларды сипаттау бөлімінде var көмегімен емес, label түйінді сөзі арқылы сипаттау керек: