Байланысты: Спорттың таңдаған түрінен кәсіптік жаттықтырушылық қызметін жетілдіру
12. Таңдап алған спорт түрі (мамандық) бойынша білім беру, оқыту әдістемесін жетілдіріп, кәсіптік мамандығын арттыру
Жоспары:
1. Таңдаған спорт түрлерін оқытудың негізгі мәселелері
Спорттық жаттығу принциптері ғылыми мәліметтер және жаттықтырушылық жұшмыстың оның іс тәжірибелері жинақталған жаттығу жүйесін (процесін) ұтымды құрудың барынша маңызды педагогикалық ережесі болып табылады.
Максимальді мүмкін жетістіктерге бағыттталғандық, тереңдетіп мамандану және жекелеу. Егер спорттың мақсатсыз дене жаттығуларын пайдалану кезінде кейбір шегіне дейін емес мүмкін болған жетістік дәрежесі ғана іске асады, ал спорттың қызметке барынша жоғары нәтижеге жетуге бағытталғандық тән. Әрине бұл жоғары нәтижеге жету жекелей әр түрлі, заңдысы әрбір жеке тұлғаны әр қайсысы спорттық жетілу, даму жолында мүмкіндігінше одан әрі өтуге ынталануы тиіс.
Спорттық нәтижелер өз-өзінен маңызды емес яғни олар қабілеттілік және шеберліктің нақтылы даму көрсеткіші болып табылады. Жоғары спорттық нәтижелерге жету мақсатының осыған байланысты елеулі қоғамдық педагогикалық маңызы болады, өйткені ол адам жетілуінің ең жоғары шегіне ұмтылысын білдіреді. Мұндай ұмтылыс барлық ұйымдармен және спорттық қызметтің жағдайларымен, әсіресе спорттық сайыс жүйелері және алға ұмтылдыратын марапаттаулармен (бастапқы спорттық дәрежеден чемпионның алтын медалына дейін) ынталандырылады. Жоғары көрсеткіштерге жетуге мақсат қою нәтижесі спорттық жаттығуларды сәйкестендіріп құрумен, таңдаған спорт түрінде тереңдетілген мамандандырумен барынша әсерлі құралдар және әдістерді пайдаланумен іске асады. Ең жоғары нәтижеге бағытталғандыққа қалайда спорттық жаттығудың барлық ерекшелік белгілерін анықтауға, яғни жүктеменің көтеріңкі деңгейін, жүктемемен демалыстың кезектестірудің ерекше жүйесін, ашық көрінген циклділік себепші болды.
Спорттық жаттығудың бұл заңдылығы спорттық жетілдірудің көп жылдық сатысының тәуелділігіне байланысты әртүрлі көрінеді. Спорттық жетілдірілудің бірінші сатысында спортпен шұғылдану негізінен жалпы дайындық түрінде өткізіледі, жаттығу жүйесі спорттық маманданудың анық көрсетілген сипаты бола алмайды, яғни жоғары нәтижелерге жету мақсаты алдағы келешектік жоспар сипатын береді. Ағзаның жас ерекшелігімен қалыптасуға және жаттыққандық деңгейінің артуына қарай бұл мақсат биологиялық жаспен басқа қозғаушы күштердің шектеулі әсері әрекет ете бастағанша іске асырыла береді. Сонымен, жалпы өрлеу, алға басушылық принципі спорттық дайындық ауқымында ерекше маңыздыға ие болады. Оны белгілі спорт түрінде жетілдіру дәрежесінің максимальді мүмкіндігін қамтамасыздандыруды талап ету деп түсіну керек. Ал, бұл тереңдетіліп мамандандырудың қажеттілігін білдіреді.
Спорттық мамандану спорттық қызмет барысында таңдап алған спорт түрі үшін жетілдіру барынша қолайлы болатын уақытпен күш салуды дұрыс, ретімен бөлумен сипатталады, бірақ басқа спорт түрлері үшін дәл осылай бола бермейді. Осыған байланысты спорттық жаттығу құрастыру кезінде спортшылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу төтенше маңызды. Ересек спортшының жекен икемділік қабілетіне сәйкес өткізілетін тар мамандандыру саласында оның өз дарындылығын барынша толық көрсетуі үшін мүмкіндік жасайды және спортқа деген ынтасын қанағаттандырады. Керісінше, спортшының жеке сапаларына тура келмейтін мамандықты қате таңдауы және командаға сай еместік спортшымен жаттықтырушының күш салуын елеулі дәрежеде жоққа шығарады.
Жекелеу принципі жаттығуды құруда және өкізуде спортшылардың жас ерекшеліктерін, қабілеттерін, дайындалғандық деңгейін есепке алып жүргізуін талап етеді.
Жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі. Спорттық мамандану спортшының жан-жақты дамуын жоққа шығармайды. Керісінше, таңдаған спорт түрінде барынша елеулі алға басушылық спортшының дене және рухани қбілеттерінің жан-жақты дамуы ағзаның қызметтік мүмкіндіктерінің жалпы көтерілуі негізінде ғана мүмкін болады. Бұл жөнінде бүкіл спорт іс-тәжірибе, сонымен бірге көптеген ғылыми зерттеу жұмыстарының мәліметтері дәлелдейді.
Спорттық нәтижелердің спортшының жан-жақты дамуына, оның ішінде интеллектуалдық адамгершілік, өнегелілік, тұрғысына тәуелділігі екі негізгі себеппен түсіндіріледі: біріншіден, ағзаның бірлігінен- оның қызмет және даму барысында органдарының, жүйелері мен қызметінің органикалық өзара байланысы; екіншіден, әртүрлі қозғалыс дағдылары мен біліктілігінің өзара әрекеттестігі. Спортшының меңгерген қозғалыс біліктілігі мен дағдыларының шеңбері кеңейген сайын, қозғалыс іс-әрекетінің жаңа түрлерін ойластырып, жасау және бұрын меңгергендерін жетілдіру үшін қолайлы алғы шарт болады.
Спорттық жетілдірудің объективті заңдылықтары спорттық жаттығу терең мамандану жүйесі бола тұрып, бір мезгілде спортшы жан-жақты дамыту құралы да болады. Осыған сәйкес спорттық жаттығуда жалпы және арнайы дайындық үзіліссіз үйлеседі. Спортшының жалпы және арнайы дайындық бірлігі бұлардың екеуін де спорттық нәтижеге және дене тәрбиесінің құралы ретінде соңғы мақсатқа пайдалануға зиян келтірмеу үшін жаттығудан алып тастауға болмайды. Жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі олардың мазмұндарының өзара тәуелділігімен қортындыланады: жалпы дене дайындығының мазмұны таңдаған спорт түрінің ерекшеліктері есепке алынып анықталады, ал арнайы дайындықтың мазмұны жалпы дайындықтың жасаған адғы шарттарына тәуелді.