1-ші топ – дене және психикалық сапаларын шегіне дейін көрсететін, олар үшін спортшылардың белсенді қозғалыс қызметі тән спорт түрлері. Бұл спорт түрлеріндегі спорттық нәтиже спортшының өзінің жеке қозғалыс мүмкіндігіне тәуелді. Бұл топқа спорттың көпшілік түрлері жатады (жеңіл атлетика,спорт ойындары, жеке сайыс, суға жүзу және т.б.);
2-ші топ - операциялық негізін арнайы техникалық қатынас құралдарын басқарудың әрекеті құрайтын спорт түрлері (автомобиль, мотоцикл, яхта, самолет және т.б.). Бұл спорт түрлеріндегі нәтиже техникалық құралдарды тиімді басқара білуімен және оны дайындау сапасына байланысты;
3-ші топ - қозғалыс белсенділігі арнайы қарудан нысанаға тигізу жағдайымен қатаң лимиттелген спорт түрлері (мылтық ату, садақ ату);
4-ші топ – спортшының модельдік – конструкторлық қызмет нәтижесі салыстырылатын спорт түрлері (авиамодель, автомодель және т.б.);
5-ші топ – негізгі мазмұны абстракталы - қисындық сипаттағы жарыста қарсыласын ұту сипатындағы спорт түрлері (шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, нарды т.б.);
6-шы топ - әртүрлі спорт түрлері топтарына кіретін спорт түрлерінен құралған көпсайыс (спорттық бағдарлау, түлкі аулау, биатлон, теңіз көп сайысы, қызметтік көпсайыс және т.б.).
Егер жақсы жолға қойылған спортшыны дайындау жүйесі болса ғана жоғары спорттық нәтижелерге жетуге болады.
Спортшының жоғары спорттық жетістіктерге жетуге ең жақсы дайындық дәрежесін қамтамасыз ететін және өзара тиімді қарым-қатынас негізінде жаттығу-жарыстық процестің ұйымдастыру түрлері мен жағдайының әдістемелік негіздерінің жиынтығы болып табылады.
Спортшының дайындық жүйесі өзіне ірі төрт қызметтік жүйені ендіреді:
іріктеу және спорттық бағдарлау жүйесі;
спорттық жаттығу;
жарыс жүйесі;
хаттығу-жарыстық процестің жаттығудан және жарыстан тыс қозғаушы күштері.
Спортшының негізгі дайындық-жаттығу қызметі спорттық жаттығу жағдайында іске асады. Ол жаттығу жүйесіне құрылған және спортшының спорттық жетілдірілуін басқаруға бағытталған, сонымен бірге оның жоғары нәтижелерге жету дайындығын қамтамасыз ететін спортшының негізгі дайындық түрі болып табылады.
Спортшыны дайындау жүйесіндегі маңызды компоненті спортшыны дайындаудың мақсаты, құралы және әдісі ретінде қатысатын жарыс болып табылады. Жарыс спортшының қызметі іске асатын, оның белгілі дәрежедегі қабілетін әділ салыстырып анықтауға мүмкіндік беретін және оның максимальды көрінуін қамтамасыз ететін арнайы өрісті жүйе ретінде анықталады.
Жарысқа қатысу үшін ең жоғары дайындық пен жоғары спорттық нәтижелерге жету барлық дайындық жүйесін осы заманғы озық ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандырумен ғана мүмкін. Осыдан келіп, ең жаңа ғылыми мәліметтер мен озық спорттық тәжірибе негізінде жинақталған спортшыны дайындау жүйесінен "спорт мектебі" деген ұғым туындайды (бокс мектебі, балуандар мектебі және т.б.).
Спорттық тәжірибеде спорттық қызмет және жарыстық қызмет ұғымдары кең таралған, көбінесе оларды синоним ретінде қолданады, алайда олардың әрқайсысының мазмұны мен мағынасы жағынан елеулі айырмашылығы бар. Спорттық қызмет спорт үшін көп қырлы қоғамдық құбылыс ретінде тән, өйткені адам қызметінің әртүрлі өрісін қозғайды. Спорт саласына әртүрлі кәсіптегі көп адамдар санын тартпай максимальды нәтижеге жету мүмкін емес. Социологтар, дәрігерлер, педагогтар, физиологтар, инженерлер, басқару аппаратынан, өнер саласынан, материалдық - техикалық қамсыздандыру және көптеген басқалары елімізде спорттық жұмыстың жұмыс жүргізілуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, бұл адамдардың қызметі қоғам өмірінің әлеуметтік және әкономикалық жағдайымен айқындалады.
Айтылғандарды ескере отырып, спорттық қызмет спорт аясында (сфересында) адамныңмүмкіндігінше, барынша сауығуы мен жетілуін қамтамасыз етудегі тәртіпке келтірілген ұйымдастыру қызметі болып табылады. Оның негізгі принциптері мен формалары қоғамдағы спорттың әлеуметтік жұмыс істеу жағдайымен анықталады.
Ресми жарыстар қатынасындағы жарыстық қызмет өзінің абсалюттік мәнінде жеке жарыстық қызмет болып табылады. Бұл жағынан келгенде де тәртіп бойынша адамның психикалық және дене күші шегіндегі, соңғы мақсаты қоғамдық маңызды және жеке нәтижелерге жету болып табылатын ресми жарыс жағдайындағы іске асырылатын адамның ерекше қозғалыс белсенділігі болып табылады.
Спортшылардың өзіндік жарыстық қызметі жарыстарда іске асырылады. Жарыс – адам мүмкіндіктерін және этикалық өзара қарым-қатынастарын білудің қозғаушы күштері, сонымен бірге адамдар арасындағы немесе адамдар топтарымен қарым-қатынас түрі.
Жарыстық қызметтің соңғы нәтижесі спорттағы көрсеткіштердің сапалық деңгейімен немесе сонымен сипатталатын спорттық жетістікке жету болып табылады.
Спорттық жетістік – бұл спорттық шерберліктің және спортшының қабілетінің нақтылы нәтижеде көріну көрсеткіші.
Спорттық және жарыстық қызмет, әртүрлі деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыру және өткізуге, спорттық қозғалысқа органикалық кіреді, өйткені спорттық қоғалыстың барлық бағытында жалпы көпшіліктік қарапайым спорт және жоғары жетістіктер спорты тұр. Осыдан келіп спорттық қозғалыс – бұл жалпыкөпшілік, бұқаралық спорт және жоғары нәтижелер спорты аясындағы спорттық тәжірибе, әлеуметтік ағым.
"Спорт" ұғымымен қатар "дене мәдениеті" немесе олардың үйлестігі "дене тәрбиесі және спорт" ұғымдары жиі пайдаланылады. Спорт дене мәдениетінің ажырамайтын бөлігі, ірі компоненті болып табылады. Дене мәдениетінің әлеуметтік қызметінің бүтіндей қатары спортқа да тарайды. Алайда спорт түрлерінің барлығы дене мәдениетіне жата бермейді. Бұл дене мәдениеті ұғымын (термині) қоғам және жеке тұлға мәдениетінің органикалық бөлігі, адамның өмір тәжірибесіне дене дайындығы, өзінің жағдайын жақсарту (оптимизациялау) және дамыту қозғаушы күші ретінде қозғалыс белсенділігін үйлесімді пайдалану деп түсіну дұрыс. Шахмат, дойбы, бридж, моделдік-конструкторлық сияқты спорт түрлері спорттық жетістіктерге дайындықтың басты құралы ретінде дене жаттығуларын пайдаланумен тікелей байланысты емес.
Спорт дене мәдениетінің құрамдас бөлігінің бірі болғанымен, ол оның аясынан шығып, белгілі дербестікте болады.
Біздің елімізде және бүкіл әлемде спорттық қозғалыс тәртіп бойынша жалпы көпшілік спорт тәжірибесін (практикасын) қамтиды. Балалар, жас жеткеншектер, жасөспірімдер және ересектердің миллиондаған саны спортпен шұғылданып, өзінің денсаулығын нығайтады, адамдармен сұқпаттасып қуанышқа бөленеді, таңдаған спорт мамандығында өзін жетілдіреді, өзінің дененің шарықтаған шегін (кондиция), жалпы төзімділігін арттырады және өз мүмкіндігіне сәйкес спорттық нәтижелерге жетеді.
Сұрақ
Бұқаралық (жалпы көпшілік) спорт және жоғары нәтижелер спорты.
Жарыстық қызмет, спорттық дайындық, спорттық іріктеу, материалдық және ақпараттық қамтамасыздандыру жүйесі, жарыстағы төрешілік ету, спорт жанкүйерлерінің қызметі
Сайыстардағы табысқа жету ықтималдығы қандай себептермен анықталады
№7 Семиар сабақ. Тақырыбы: Ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізуді жетілдіру
Жоспары:
1. Ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және ақпараттық қамтамасыздандыру.
Спортшыларды дайындаудың отандық жүйесінің алға басушылығы мамандардың кәсіби дәрежесі деңгейімен, дарынды спортшылар мен жаттықтырушылар санымен, мамандардың ғылыми потенциалымен, яғни спорттық нәтижелердің одан әрі өсуі үшін барынша келешегі бар болып табылатын бағыттағы технология мен әдістемені ұсынуға қабілетті мамандардың ғылыми потенциалымен қамтамасыз етіледі.
Ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және ақпараттық қамтамасыздандыру. Алға басушы ғылыми-техникалық өркениеттің табыстарын өз уақытында іс-тәжірибеге ендіру, спортшыны дайындау нәтижелілігінің шешуші қозғаушы күштерінің бірі болып табылады. Ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және ақпараттық қамтамасыздандыру жүйелері өзіне мыналарды қосады: біздің еліміздің спорт және туризм академиясы және ғылыми-зерттеу институттарындағы мамандандырылған бөлімшелерінің жеткілікті дәрежедегі таралған жүйелері, Қазақстан Республикасының спорт түрлерінен құрама командалары жанынан құрылған кешенді ғылыми топтар (КҒТ); әртүрлі спорт ұйымдары жанындағы дәрігерлік-денешынықтыру мәдениеті диспансерлері, әдістемелік кабинеттер. Бұл жүйеге мамандырылған кітап баспасын, газеттерді, жорналдарды, теледидар компаниялардың спорттық редакциясын, компьютерлік техникамен жарақталған ақпараттық орталықтарды жатқызған дұрыс.
Бұл жүйе келесі қызметтерді орындайды:
спортты дамытудың негізгі мақсатын айқындайды, спортшыларды дайындау және бағдарлау жүйелерінің негізгі құрамдас бөліктерін дамыту жолдарын ғылыми болжай білуді іске асырады;
спорт негіздерін ілімдік, әдістемелік және бағдарламалық-мөлшерлік жете өңдеп, зерттейді;
ұйымдастыру-басқару, экономикалық және материалдық-техникалық қозғаушы күштерін жетілдіреді;
спорттың медициналық-биологиялық мәселелерін зерттейді, сонымен бірге спортшылардың денсаулығын сақтау және қалпына келтіру және олардың жұмыс қабілеттілігін арттыруын іске асыруды қамтамасыз етеді;
спорттық дайындықты психикалық қамтамасыз ету үшін іс-жүзіндегі шараларды іске асыруын қамтамасыздандырады және спорттың психологиялық мәселелерін зерттеп, өңдейді;
дене мәдениеті және спорт саласының мамандарын дайындау және қайта дайындау жұмыстарын жүргізеді;
спорт мамандарын ақпаратпен қамтамасыздандырады.
Жаттығу және жарыс жүйелері барысында диагностикалық, өлшеу, есептеу техникасы, аудио - және видео аппаратуралар және т.б. кең ауқымда қолданылады.
Спорттық ғылымның дамуы, әлемдік ғылыми-техникалық өркениеттің жетістіктерін спортқа ендіру әртүрлі саладағы спортшы мамандарды, яғни педагогтарды, дәрігерлерді, биологтарды, физиологтарды, биохимик, мамандарын социологтарды, инженерлерді, математиктерді кешенді ғылыми және ақпараттық қамтамасыздандыруға тартуға мүмкіндік жасады.
Материалдық-техникалық қамсыздандыру. Соңғы жылдары спортта материалдық-техникалық базаның жетілуіне байланысты, құрал - саймандардың, қондырғылардың, тренажерлардың, спорт аяқ киімдерінің, киімдерінің және т.б. жаңа үлгілерінің жасалуымен өте маңызды өзгерістер болды. Көптеген мамандандырылған фирмалар жыл сайын өте жетілген, жаңа үлгідегі спорт өнімдерін шығарып, спорттық әдісінің өзгеруіне, жаттығу әдістерінің жетілуіне, спортшылардың денсаулығының жақсаруына мүмкіндік жасайды, спорттық нәтижелердің өсуін жеделдетеді.
Спорттың қаржыландырылуы мемлекеттік бюджеттің әртүрлі көздерінен, коммерциялық ұйымдардан, демеушіліктен, сонымен бірге жергілікті бюджеттен бөліну арқылы іске асады. Бұл, барынша дарынды балалардың, жас жеткіншектердің және ересек тұрғындардың спорт мектептерінде, білім беру жүйесінде және бірқатар басқа ұйымдарда спортпен ақысыз тегін шұғылдануларына жағдай жасауға мүмкіндік туғызады.
Соңғы жылдары спорт түрлерінен федерациялар, аймақтық, ведомстволық спорт ұйымдары, клубтар, командалар өзін-өзі қаржыландыруға және басқа да қаржымен қамтамасыздандырудың дәстүрге жатпайтын түрлеріне табысты көшіп, өздерінің спорттың дайындық жүйелерінде көптеген мәселелерін тиімді шешуге қол жеткізуде.
Жаттығу және жарыстық жүйелердің қызметтері тиімділігін арттыратын технологияның үнемі артуына байланысты спортшыларды дайындау жүйесінде, әсіресе жоғарғы спорттық шеберлік сатысында қымбаттаушылық тенденциясы байқалуда.
Бір спортшыны бір жылда жоғары спорттық шеберлік сатысында дайындауға, бастапқы дайындық сатысына қарағанда 800-1000 есе көп қаржы жұмсалады (кейбір спорт түрлерінде одан да көп).
Сыртқы орта қозғаушы күштері. Спортшыларды дайындау жүйесінің қызметін әлеуметтік, экономикалық, демографиялық жағдайлардан және табиғи ортадан бөлек құруға болмайды.
Бұл қозғаушы күштердің барлығы әртүрлі спорт түрлерінің дамуына елеулі әсер етеді. Мысалы, қарлы аудандарда қысқы спорт түрлеріне, ал таулы аудандарда тау шаңғысы спортына басымырақ назар аударылады.
Жаттығу және жарыстық қызметтің тиімділігіне сыртқы орта қозғаушы күштерінің мына қозғаушы күштері әсер етеді: теңіз деңгейінен жоғарылығы, температура, қоршаған ортаның ылғалдылығы, сағаттық белдеудің өзгеруі. Бірінші жағынан, олар спорттық жұмыс қабілеттілігін арттыруға жәрдемдеседі, ал басқа жағынан оны елеулі төмендетеді. Әсіресе, маңызды жарыстарға дайындау барысында сыртқы ортаның қозғаушы күштерін есепке алу маңызды.
Басқару және ұйымдастыру құрылымы. Спортшыны басқаруды жетілдіру жүйесі - бұл басқарылатын және басқарушы жүйенің ішіндегі әсер ету әрекеті бағдарламаны іске асыруға және қойылған мақсатқа жетуге бағытталған жүйе. Ол кешенді сипаталады және спортшыны тікелей дайындауды жергілікті, аймақтық, республикалық басқарудың барлық деңгейін қамтиды. Әрбір кезеңде бағыныштылығын және үйлесімділіктерін басқару жүйелілігі анықтайтын ерекше міндеттері шешіледі.
Олардың кешенділігі басқару жүйесінде биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, материалдық-техникалық, ақпараттық және т.б. әртүрлі компоненттердің болуынан көрінеді.
Басқару жүйесінде жүйенің қызметін және мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін ұйымдастырудың құрылымы мен тетігін бөліп көрсетеді.
Ұйымдастыру құрылымы дегеніміз әртүрлі спорт ұйымдарының өзара байланыстылығы мен бағыныштылығы бүтіндей жүйелердің және оның компоненттерінің мақсаты, міндеті және олардың арасындағы ақпарат ағымы болып табылады.
Басқару тетігі (механизмі) - әртүрлі әдістердің, тәсілдердің, ынталанулардың спортшыны дайындауды басқаруда адамдарға қолданылуы болып табылады.
Спортшыларды дайындау жүйесінің отандық құрылымы тарихи жинақталып, олар өзіне әртүрлі ұйымдарды қосып алды және мемлекеттік қоғамдық сипатқа ие болды.
Қазіргі таңда бұл құрылымның шегінде бұқаралық дене мәдениетін де, жоғары нәтижелер спортын да басқару іске асырылады.
Бүтіндей күрделі ұйымдастыру құрылымының жағдайында әртүрлі даму бағыттары көрінеді: бірінші жағынан, мемлекетаралық одақтардың құрылуы (интеграция), бірлестіру (кооперирования), үйлестіру, басқа жағынан - әкімгершілік және қызметтік жекелену (өзімен-өзі болушылық), тар көлемдегі және тар ұйымдастыру мақсатындағы қалыптасу.
Достарыңызбен бөлісу: |