КІРІСПЕ
Пән туралы қысқаша сипаттама: «Спорттың таңдаған түрінен кәсіптік жаттықтырушылық қызметін жетілдіру» пәні ЖОО «Денешынықтыру және спорт» мамандығы бойынша кредиттік жүйемен оқитын студенттерге арналған жалпы міндетті мемлекеттік стандарт бойынша кәсіптік пәндерінің міндетті компоненті болып саналады.
Пәннің мақсаты: Таңдаған спорт түрінен кәсіптік деңгейін арттыруға қажетті педагогикалық, ұйымдаструшылық іскерлікті арттыру.
Пәннің міндеттері:
- Дене тәрбиесі және спорт мамандығы бойынша білім алатын бакалавр ЖОО ұстаз-жаттықтырушысының кредиттік жүйе бойынша оқыту ерекшелігін меңгеру (ассистент, тьютер, эдвайзер, профессор ассистенті), шеберлігі жоғары спортшы дайындау жолдарын меңгеру.
- ЖОО-да жұмыс атқаруға қажетті оқу-тәрбие, ғылыми-әдістемелік, қоғамдық, ұйымдастырушылық, бұқаралық сауықтыру жұмыстарын орындау, таңдап алған спорт түрінен құрама команда сапында жұмыс істеуге іскерлік дағды қалыптастыру.
- Білім, біліктілік, дағдыларын төмендегі бағыттарды атқаруға бейімдалу;
- Педагогикалық бағытта студент ЖОО-да, мекемелерде дене шынықтыру маманы ретінде қызмет атқару.
- Ұйымдастыру жағынан: оқытудың жаңа технологияларын тауып енгізу, оқу процестерінде техникалық құрал жабдықтарды, тренажерлерді студенттердің жасына, жынысына, дайындық деңгейіне, спорттық дәрежесіне қарай қолдана білу.
- Кәсіптік басқару жағдайы: ЖОО және дене тәрбиесі жүргізілетін мекемелерде бас маман ретінде, шеберліктері жоғары спортшыларды дайындау кезінде жаттықтырушы ретінде жұмысты ғылыми-әдістемелік жоғары деңгейде ұйымдастыра білу.
- Жоғары оқу орындағы студенттерін салауатты өмір салтына бейімдеп дайындау, денсаулықты күту, дене қабілеттерін арттыру, дене шынықтыру мен сауықтыру жұмыстарын үнемі қолдануға үйрету, санитарлық-гигиеналық талаптары сақтауға, табиғат аясын қорғап, оны адам денсаулығын нығайтуға қолдана білуді үйретеді.
- Бакалаврді ғылыми-педагогикалық бағытта дайындау.
- Ғылыми педагогикалық дайындықтың мақсаты.
- Дене тәрбиесі және спорт саласында, ғылыми зерттеу институттарында ғылыми қызметкер жұмысына атқара алуы үшін білім, біліктілік дағдыға үйрету.
- Дене тәрбиесі және спортпен шұғылданушы адамдармен, шеберлігі жоғары спортшылармен жұмыс кезінде үйрету әдіс-тәсілдерінің неғұрлым тиімді жолдарын жобалай білуге, сапасын анықтау үшін білім, біліктілік дағдыға үйрету.
- Әртүрлі жастағы адамдармен, спортшылармен, студенттермен дене тәрбиесі және спорт бағытында жұмыс кезінде денеге берілеьтін жүктеменің мөлшерін, көлемін, қайталау ретін білуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |