Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – барлық байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет.
Қазақстан республикасының реформасының негізгі мақсаттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Бірақ мұның мәнін кез-келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай дегенде де бұқара халық белгілі бір дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы ңақты білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесі өзекті де маңызды мәселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз.
Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы – ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық және ғылыми-технологиялық дамудың нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі мем лекеттің әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатты. «Әлеуметтік экономика» ұғымын құрайтын басты принциптер дүниежүзі қауымдастығы мен Қазақстан таныған бірнеше құжаттарда көрсетілген. Әлеуметтік мемлекеттің басты идеясы – гуманизм принциптері негізінде қоғам өмірін саяси саяси және құқықтық жағынан жетілдіру, кешенді қызметін жүзеге асыру, азаматтық қоғам дамуына жағдай жасау... Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекеттің мәні туралы ғылыми зерттеулерде әртүрлі тұжырымдама жасалынған. Ғалымдардың мемлекет туралы берген анықтамаларында бұл - әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне, өндірісті басқаруға, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғауға ұмтылған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет - әр азаматтың жақсы ортада тіршілік етуіне, әлеуметтік жағынан қорғалуына, таланттары мен шеберліктерін толық дамыту үшін барлық азаматтарға мүмкіндік жасайтын мемлекеттік биліктің формасы болып табылады. Мұндай мемлекет адам мен қоғамға қызмет етеді және әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік бітім мен әлеуметтік келісім принциптеріне негізделген адамдар арасында жаңа типті байланыстарды қалыптастырады.
Әлеуметтік мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу қажет. Бірінші белгісіне - әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады, екінші - әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады, үшінші – бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртінші - әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттк жүйенің болуы саяды, бесінші – қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуіне жатады, алтыншы - өз азаматтарының әл-ауқатының жоғары денгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан.
Әлеуметтік мемлекеттің пайда болуы – құқықтық мемлекет құру принциптерінің рөлін төмендеткен (әлсіреткен) жоқ. Жеке тұлғаның азаматтық құқығы мен бостандығының басымдылығы – демократиялық мемлекеттің де, әлеуметтік мемлекеттің де өмір сүруінің негізі болып қала береді. Дегенмен, әлеуметтік мемлекет өзінің өркендеу жолында, қоғамның әрбәр мүшесінің тіршілік етуіне лайықты жағдай жасау үшін заңды түрде жарияланған азаматтық құқық пен бостандық мазмұнының шынайы кеңеюіне ұмтылады.
Әлеуметтік мемлекеттің мәні мен мақсаты – қоғамдағы бейбітшілік пен татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтік серіктестік институттарын дамыту, еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу құқығына және қауіп-қатерден қорғауға кепілдеме беру. Осындай мемлекетті құрудың міндетті шарты – саяси және экономикалық билік бөлісі болып табылады. Бұл меншік түрінің әр алуандығына байланысты. Әрбір адам нақты қандай да болсын кәсіпорын қызметін пайдалануға ерікті: мемлекеттік, кооперативтік немесе жеке меншіктік...