Демократияның белгілері



бет7/11
Дата05.11.2023
өлшемі1,8 Mb.
#189882
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
политология лекции

Билік дегеніміз :

  • Көптеген бұхара халықтардың тағдырына ықпал нтетін және олардың өмірлік мүдделерін қорғайтын шешімдерді қабылдау мүмкіндігі немесе жеке тұлғалардың, әлеуметтік топтардың қандай да бір құралдарды пайдаланып, өз үстемдігін көрсететін қоғамдық қатынастар.

Билік

  • Заң шығарушы
  • Атқарушы
  • Соттық
  • Ақпарат құралдары
  • Бақылау
  • Сайлаушылар
  • Саяси
  • Әскери

Биліктің объектісі және субъектісі

  • Объектісі дегеніміз - cубъектінің іс әрекетіне бағытталмаған нысан. Халық , қоғам жатады.
  • Субъектісі дегеніміз – билікті жүзеге асырушы адамдар, топтар немесе институттар. Мысалы: басқарушы, мемлекет, саяси партиялар билік субъектісі бола алады.

Саяси биліктің негізгі принциптері:

  • Легитимділік
  • Әрекет етуші
  • Айқындық
  • Алдын ала қарастыру
  • Қорғау
  • Ұтымдылық
  • Сыр бермеу
  • Шыдамдылық
  • Батылдық

Биліктің ресурстары:

  • Мемлекет және аппараты
  • Адамдардың мүддесі, сезімдер, эмоциялар, т.б.
  • Саяси әдеттердің құрамы
  • Экономикалық, әскери, мәдени потенциал, тұрақтылық, тәртіп
  • Қоғамның бірлігі дәстүр, идеология, сенім
  • Халықтардың саны мен сапасы
  • Материалдық мүдде
  • Мәжбүрлеу

Саяси элиталардың қалыптасуы мен жіктелуі

  • Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабілеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына , кәсібіне, біліміне, мамандығына, т.с.с. онша мән берілмейді. Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын, жасампаздығын, белсенділігін көрсете білуі қажет. Мысалы, АҚШ-та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды. Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен, демократиялығымен, үміткерге қойылтын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бұл түр кең тараған.
  • Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі – саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсоқ, принципсіз, ұрыншақ, аванюрист адамдардың билік басына келуі. Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап, пішіп болмайды. Сондықтан қоғам өмірінде дау-жанжалдар, саяси шиеліністердің мүмкіндігі көбейеді.
  • Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін, Талапкер белгілі бір таптың, топтың, тектің, партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек. Сондықтан билік басына таңданудың бұл түрі жабық болып саналады
  • Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді, билеушіні тұйық қоғамдықтоптан іріктеп алатын, кертатпа түр. Оның артықшылығы – саясаткердің болашақ іс-әрекетін алдын ала болжауға, соған орай шара қолдануға болады. Билеуші элитаның арасында дау-жанжалдың мүмкіндігін кемітеді. Осындай жүйенің бір түріне бұрынғы социалистік елдерде кең тараған номенклатуралық элита жатады.
  • Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз, кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды. Орыс философы Н.А.Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси саяси элита санының арасында өзара байланыс барлығын ашып, «элита коэффициентін» шығарды. Ол жоғары зерделі, зияткерлік бөлігініңхалықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқыруға әкеледі. Ал элитаның коэффициенті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым.
  • Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі, топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөледі. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, маңызды саяси шешімдерді қабылдаушыларды айтады. Олардың қатарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізітіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап, ол-қылықтарын тауып, қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялық немесе контрэлита деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет