Дене мәдениеті тарихы мен олимпиадалық білім пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет31/57
Дата20.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#104218
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57
Байланысты:
esmagambetov

Күміс алу 

Жарыс  мақсаты  –  ең  жай  дегенде  шоқырықтап  шауып  келе 

жатып  ат  үстінен  бір  жағына  еңкейіп,  жерде  жатқан  орамалды 

іліп алып кету. 

Жарыс  өтетін  орын.  Бастапқы  орыннан  сөреге  дейінгі  ара 

қашықтық  100м.  Бастапқы  орыннан  10-15м  тегіс  таза  жерде 

орамал жатады. Ол арадан сөреге дейінгі қашықтық 20-35м.  

Жарыс  өткізу  тәртібі.  Күміс  алудан  жекелей  командалық 

жарыс  өткізіледі.Сыртқа  жіберетін  төрешінің  шақыруымен 

кезекті спортшы бастапқы орыннан мәре сызығына келіп тұрады. 

Төреші  «Кәие,  жөнел!»  деп  әмір  етеді  сол  бойынша  спортшы 

шауып жөнеледі де, екпінін бәсендетпей, еңкейіп орамалды алып, 

сөреге  дейін  шаба  береді.Егер  спортшы  құлап  қалса,  оған  атына 

қайта мініп,  сол құлаған жерінен бастап әрі қарай шабуға рұқсат 

етіледі.  Жарыста  әрбір  шабандозға  үш  рет  шауып  кетүге  рұқсат 

берілед. Орамалды жерден алғаны үшін 1, ала алмай қалса 0 балл 

ұпай беріледі. Жарыста орамалды көбірек көтеріп алған спортшы 

жеңіп  шығады.  Екі  немесе  одан  да  көп  шабандоздың  ұпайлары 

тең  болып  шықса,  барлық  шабыста  уақытты  ең  аз  жұмсаған 

спортшы жеңіске жетеді.  




 

65 


Команда  орны,  оның  барлық  мүшесі  алған  ұпайлар 

қосындысы  бойынша  анықталады.  Ал  ұпайлары  бірдей  болса, 

команданың  барлық  мүшесінің  уақытын  қоса  есептегенде 

уақытты ең аз жұмсаған команда бірінші орын алады.  

Жарысқан  жан-жақты  даярлығы  жақсы,  атқа  шаба  алатын, 

жасы 18-ге толған және одан да асқан азаматтар жіберіледі. 

Жарыс қаттамасында  шабандоздың жерден неше рет орамал 

алғанын және шабысқа қанша уақыт жұмсағанын көрсету керек. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет