Дене шынықтыру арқылы психикалық қасиеттер мен тұлғалық тәрбие. 1.Тұлғаның мінез ерекшеліктері мен тәрбие сипаттамасының шарттары: еңбек сүйгіштік, патриоттық тәртіптілік. 2.Дене тәрбие шарттарының арнайы қасиеттері: интелектуалды, шығармашылық, ойлау, бақылау т.б. Интеллектуалдық дамыту ойындары балалардың түсіну және қабылдау қабілетін, ақыл-ойын дамытуға, түсінік-ұғымдарын қалыптастыруға, білімді терең меңгеруіне игі ықпал етеді.Ақыл-ойды тереңдетуге бағдарланған интеллектуалды ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді, қолданып көргенін, танып- білгенін есінде сақтайды. Нәтижесінде қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді, тұрмыс пен қызмет түрлерін ажырата бастайды. Еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады. Дамытушы ойын – бұл бала үшін ой иелігінен өткен құбылыс, оған бала өз еркімен ойынға қатысып, даңа тәжірибе алмасып, одан алған білімі оның жеке байлығы болады, сондықтан оны басқа жағдайларда қолдана алады. Алған тәжірибесі балаға өз ойында қолдануға мүмкіншілік беріп, оның шығармашылық ұсынысының дамуы.Дамыту ойынында баланың еске сақтау қабілетін арттыру, ойлау қабілетінің жұмыс істеу және т.б., сондай-ақ белгілі бір әрекеттер жасау қажеттілігі, салыстыру, жалпылау, көрген-білгеніне жауап беру және сөйлеу қабілетінің қалыптасуы. Ақыл-ойын дамытатын ойындарды меңгерген балалар логикалық ойлауының жоғарғы дәрежесімен, математикалық шешімдер қабылдай білуімен, талдау жасай алуымен ерекшеленеді. Пішіндер мен түстерді ажырата алуы, салыстыра білуі қабілеттері дамып, қабылдауы мен танымы кеңейеді. Балаларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті – баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады.Ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. Мұндай ойындар барысында: – әлеуметтік топта оның рөлі мен тәртіп ережесі игеріледі; – топтың, ұжымның, сондай-ақ баланың тұлғалық және жеке даму мүмкіндіктері қарастырылады. Интеллектуалдық ойындардан күтілетін нәтижелер: – баланың ақыл – ойы дамиды; – сөздік қоры молаяды, ойын еркін жеткізуге талпынады; – тілдік қарым-қатынасқа еркін араласады; – қоршаған ортаны танып білуге қызығушылығы артады; – ұжымдық іс-әрекетке бейімделеді; – еңбеккке тәрбиеленеді; – бірлескен ұжымдық дағдылары жинақталады; – әр баланың ақыл-ой деңгейі, өзіндік мінез-құлқы қалыптасады; – бәсекелестікке, тапқырлыққа, төзімділікке, адамгершілікке тәрбиеленеді. Қорыта айтқанда, аталған ойындар кешені баланың қиялын, бейнелі ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілетін дамытады. Құрбыларымен бірлесіп ойнауға, өзара қарым-қатынас жасауға үйренеді.Интеллектуалдық дамыту ойыны – әлеуметтік қызмет, ол – баланың жасына қарай, өзін қоршаған ортаны танып білуге, оны өзгертуге құштарлығын арттыратын құрал. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоршаған ортаны құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады, оқу әрекетінің негіздері қаланады.