Тәрбие – білім беру міндеті оқу іс-әрекеті процесінде баланың жеке басының моральдық ерік-жігер белгілерін қалыптастыру дене шынықтыру мен спорт саласын кейбір қарапайым білім мен терминдерді хабарлау дұрыс қимыл-қозғалыс дағдыларын және дене қасиетін тәрбиелеу жолымен шешіледі. Мұның бәрі баланың танымын ерік және эмоционалдық күшін оның ақыл-ой қабілетін адамгершілік қасиеті мен шығармашылық белсенділігін кешенді дамытуға бағытталған. Оқу іс-әрекеті қоршаған ортаға жақсы бейімделгіш алға қойылған тапсырмаға сай нысаналы, тез әрі сенімді түрде әрекет ете алатын тәртіпті адамдарды тәрбиелеуге көмектеседі.
Дене жаттығуларымен ұштастырылған процедуралар неғұрлым тиімді болады. Бұлшық еттердің ширақ жұмыс істеуі жылжу реттеу процесін жетілдіруге және сол арқылы организмнің қоршаған сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі.
Дене шынықтыру – балаларға дене тәрбиесі жаттығуларын жүелі түрде үйретудің негізгі формасы. Оқу-іс әрекетінің арнаулы міндеті барлық жастағы топтардың балаларын дұрыс қимыл-қозғалысқа үйрету мен дене қаситін тәрбиелеу болып табылады.
2) Негізгі (жалпы дамыту жаттығулары) бөлімде құралмен, құралсыз орындалатын дамыту жаттығулары:Жаңа жаттығулар және алдыңғы оқу іс-әрекетінде үйренген қимыл-қозғалыстар қамтылады. Жалпы дамыту жаттығулар кешені 1-2 апта бойы қайталанады.
Негізгі қимыл қозғалыстар: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, тепе-теңдік сақтап жүру, еңбектеу және өрмелеу, музыкалық-ырғақтықты жаттығулар, сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру, саптағы бір қатардан үш,төрт қатарға қайта сап түзеп тұру.
Бір қатар сапқа тұрғызу.Ұйымдастыру жұмыстарын өткізу. Тізбекпен аяқтың ұшы және өкшемен жүру, қолды белге қойып жүру,музыка ырғағына сәйкес тарсылдатып жүру,жүгіру,жүгіруді жүрумен алмастыру, алға және артқа қарай кең адымдап жүру. Бірнеше топқа бөлініп тұру, әр топқа бастаушы тағайындау.
2-Бөлім жалпы дамыту жаттығулары.(негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары)
6-дамытушы жаттығу,4-негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулардан тұрады.
3-бөлім қорытынды
2-3 қимыл-қозғалысы аз ойындар ойнатылады,тынысалу жаттығулар орындалады.