Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе-жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет


Қысқа қашықтыққа жүгірудің сипаттамасы



бет2/5
Дата14.10.2022
өлшемі194,04 Kb.
#153128
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бейімделген дене мәдениеті

Қысқа қашықтыққа жүгірудің сипаттамасы

Қысқа қашықтыққа жүгіру неғұрлым қарқындылықпен орындалатын циклдің жаттығулар түріне жатады. Спринтрлік жүгіріске тек 100,200,400 м ғана емес, сондай-ақ қыста жеңіл атлетикалық манежде өткізілетін 30,50,60 , 300 м секілді қысқа қашықтықтағы жүгіріс те жатады.


Тұтас қозғалыс - жүгіру адымы тіреу және ұшу фазасынан тұрады. Тіреу мен тірексіз қалыптардың кезектесуі жүгірудің ерекшелігі болып табылады. Сондай-ақ жүгіру жылдамдығы жүруші адымының алшақтығы мен жиілігіне сәйкес болады. Жылдам жүгірістің ұзақтығы қозғалыстың шапшаңдығы мен қарқынына байланысты. Жылдамдық өскен сайын жүгіруші қозғалысы демалуымен салыстырмалы түрде алғандағы фаза ұзақтығы төмендейді, нәтижесінде - қозғалыс еркіндігіне тәуелді болатын жылдам жүгірістің сақтау мүмкіншілігі төмендейді. Және де спринте жақсы нәтижеге жету үшін спортшының бойы мен салмағы шешуші роль атқармайды. Бүған жеңіл атлетиканың даму тарихы куә. Ірі халықаралық сайыстарда жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізген Дж Оуенс (1), А.Мерчисон, Р.Хейес, А.Хари, К.Льюис, В.Борзов, А.Корнелюк, В.Муравьев, В.Савин және тағы басқа да қысқа қашықтыққа жүгіретін спортшылардың бойы, салмағы, дене бітімі жағынан өзара айтарлықтай ерекшеліктері болған.Ал жерлестеріміз Әмин Тұяқов пен ҒұсманҚосанов жарыс жолына шыққан күндері спорт әуесқойлары жандарын шүберекке түйіп жүрді десекте артық болмас.

  1. Тарихи мәліметтер

Қысқа қашықтыққа жүгіру сайыстардың ішіндегі ең көне түрі болып табылады. Ежелгі Грекиядағы 1 Олимпиядада (б.з.д. 776ж.)жүгіру бір стадияда өткен, яғни стадион жолының бойымен (=192м.)және бүл «дромос» деп аталады. Б.з.д. 724 жылдан бастап Олимпиада бағдарламасына стадионды екі рет айналу (= 389 м) яғни «диаулос» енгізілді. Сөрелік төреші (герольд) сөреге рупор арқылы белгі беріп түрды. Бүйрықтан ерте жүгіріп кеткен атлеттерді герольд дүре соғып жазалайтын болған.
Уақыт өте келе ойындардың бағдарламасы дами түсті. Қысқа қашықтыққа жүгірудің түрлері көбейді. Қазіргі кездегі алғашқы Олимпиадалар бағдарламасына бірте-бірте ер адамдар үшін 100 және 400 м (Афина, 1896ж), 200 м-ге (Париж, 1900ж) дейін, сондай-ақ 4х100м., 4х400м эстафеталық жүгіріс енгізіле бастады. (Стокгольм, 1912ж). IX Олимпиаданың жеңіл атлетикалық бағдарламасында әйелдер арасында 100 м қашықтыққа жүгіру 4x100 м эстафета, ал ХІҮ Олимпиададан бастап (Лондон, 1948ж) 200м-ге жүгіру енгені белгілі. (1962 ж.)
Халықаралық Олимпиадалық Комитеттің шешімімен ХҮІІІ Олимпиадалық ойындар (Токио, 1964ж) бағдарламасына әйелдер арасында 400 м-ге жүгіру сайысы, ал XXОлимпиададан (Мюнхен,1972ж)бастап 4x400 эстафеталық сайыс қосылды. Сол кездерден бүгінге дейін ер адамдар үшін де, әйел адамдар арасында да100, 200, 400 м қашықтыққа жүгіру, 4x100 м және 4x400 м қашықтыққа эстафеталық жүгіру сайыстары қалыптасты.
1896 ж Афинада өткен қазіргі Олимпиадалық ойындарда американдық жүгіргіш Т.Брек алғаш рет жүгіруді төменгі старттан бастады. Сол кез үшін тұрпайылау болған бүл құбылыс көрермен жұртшылыққа күлкілі болды. Бірақ, Томос Брек 100 м және 400 м қашықтыққа жүгіру бойынша жеңімпаз атанған кезде жүрт оған күлуді доғарды. Ол төменгі старт барлық елдің спортшылары үшін кең қолданыс тапты. Жоғары жылдамдыққа қол жеткізетін төменгі старт позициясы үшін старттық колодкалардың шығуы жүгірісті бұрынғыдан да оңтайлатты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет