Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар



бет94/130
Дата21.11.2023
өлшемі1,61 Mb.
#192484
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   130
Байланысты:
Смсамааассс

2012 ж.
М.Ш. Тұяқбаева
Спорт ілімі терминдеріне түсініктер. (әдістемелік ұсыныстар), 2012ж.-32 бет
Пікір жазғандар:
Сухов С.В. – м.ғ.д.
Ильясов Ж.О.- п.ғк.
Бекмұханбетов Б.С. – п.ғ.к. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы


Ұсынып отырған әдістемелік ұсыныстар жалпы білім беретін мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған.
Дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми кеңесі ұсынған.

КІРІСПЕ

Дене мәдениетінің де экономика, әдебиет, өнер және де басқа қоғамдық құбылыстар тәрізді даму сатысында өзінің ерекшеліктері мен заңдылықтары бар. Оның мағынасы, ұйымдастыру түрлері, әдістемелік тәсілдері ғылыми-техникалық прогресс жолында, мәдени талаптарға байланысты, қоғам мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әрдайым өзгеріп отырады. Дене тәрбиелеу мәдениеті мен спорттың үнемі дамуы жаңа түсініктердің пайда болуы және ұғымдарды анықтауды талап етеді.


Қазақстан Республикасында әр азаматтың білім алуына мүмкіндігі бар, сонымен қатар денсаулықты нығайтуға, дене мәдениеті мен спортты жетілдіруге бағытталған қызметтер кепілді түрде өз қолдауын табады.
Дене тәрбиесі мәдениеті және спорттың бүгінгі қызметкерлерінің «Дене тәрбиесі мәдениеті және спорт ілімі мен әдістемесі» түсініктерін толық меңгермей еңбегінің жемісті болуы қиын. Дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт ілімі мен әдістемесі бойынша оқулық әдебиеттердің қазақ тілінде жоқтығы әдістемелік нұсқауларды шығарудың қажеттілігіне көз жеткізеді.
Әдістемелік нұсқаулардағы түсініктер оқулық бағдарламалары талабына сай жасалды. Бұл еңбек студенттерге, мамандығын жетілдіру факультетінің тыңдаушылары мен оқытушыларына және жаттықтырушылар мен спорт жұмыстарын ұйымдастырушы қызметкерлерге арналған. Осы әдістемелік құралдағы түсініктер мазмұны, дене тәрбиесі мәдениетінде шығармашылық ізденістер көрсету негізінде пайдалана отырып оқыту сапасын арттыруға, спортта сапалы спорт дайындығын жоғарлатуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет