Дене тәрбиесі,спорт ілімі мен әдістемесі


Сабақ құрылымында жүрек соғысын есептеу



бет4/4
Дата12.03.2022
өлшемі32,21 Kb.
#135358
1   2   3   4
Байланысты:
теория и метод 1

Сабақ құрылымында жүрек соғысын есептеу.
Жаттығулардың орындалуын бағалау және сабақтың жалпы тығыздығы туралы ой-пікір.
Жаттығуларды орындау кезінде қан қысымыиың өзгеруіне қарай оқушылардың бұлшық етеріне түскен күш анықталып, бағаланады.
Сабақтың дұрыс ұйымдастырылу қарқыны және жүктеменің дұрыс бөлінуін анықтау үшін бір немесе екі оқушының қан қысымын өлшеу керек.
Қан қысымы сабақтың алдында, /10 сек. Соғуы»Х» Імин. Нәтижесі / дайныдық бөлімінен, жалпы дамыту жаттығуларынан, негізігі қозғалыстардан, қозғалмалы ойындардан кейін және сабақтың соңында көрсеткіштері жазылынып алынады.
Жүктеменің динамикалық көлемін анықтайтын қан тамыр соғуының графикалық кескіні-физиологиялық қисық деп аталады.
Даладағы 2-3 мин, жүгірістен кеин жүректің соғу қысымы 140-150 ретке дейін көтеріледі, бұл көрсеткіш бастапқы 90-100 рет соғудың 40-60 ретке тең.
Сабақтың негізгі бөлімінде, орташа жылдамдықтағы жүгірісте және қозғалмалы ойындар кезінде жүректің соғуы 140-180 ретке дейін көтерілсе, жүректің соғуы жалпы дамыту жаттығулар мен негізгі қозғалыстар кезінде 135-150 рет шамасында болады.
Сабақтың қорытынды бөлімінде жүректің соғуы 130-120 ретке дейін түседі.
Сөйтіп жалпы дамыту жаттығуларын орындаған кезде жүрек соғуы 35-45 % болса, негізгі жаттығуларды орындағанда 50-60% дейін көтеріледі, ал сабақтың қорытынды бөлімінде 20-30 % дейін төмендейді.
Дене тәрбиесінің ғылыми ілімі дене тәрбиесіндегі сұрақтарды шешіп, қатаң ережені анықтап, оны тиімді құралмен іске асыру, жоғарғы дәрежеде дамуын қадағалап, адамдардың талаптарына сай алға қойған мақсаттарының ғылыми негізін анықтайды. Дене тәрбиесінің пәні бірнеше тараулар мен бӛлімдерден тұрады: 1. Дене тәрбиесінің жалпы әдістемелік және ілімдік негіздері. Бұл салада дене тәрбиесі ілімінің және әдістемесінің негізгі жағдайларды анықтап оның кӛптеген тәжірибесін әртүрлі бағытта жас мӛлшеріне байланысты ілімнің жалпы ұғымына баяндалады. 2. Дене тәрбиесінің басты бағыттағы ілімі мен әдістемесі. Бұл тарауда жалпы дене тәрбиесі мен арнаулы дене тәрбиесінің дайындығы қаралып оның жалпы бағыттағы ерекшеліктерін анықтайды. 3. Әр жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі, негізгі бағыттағы арнаулы ғылыми мамандардың дене тәрбиесі мен спорт жӛніндегі пәні болып есептеледі. Бұл ӛзінің арнайы кӛзқарастарымен нанымдарын құрауда ең маңызды мағынаға ие, осының арқасында дамыған мамандықтар игеріледі. Дене тәрбиесі және оның жүйесі "Дене тәрбиесі" ұғымы ӛзі кӛрсетіп тұрғандай "тәрбиелеу" деген жалпыы ұғым мағынасына кіреді. Жалпы тәрбие сияқты дене тәрбиесі де педагогикалық ғамалиямен бейнеленген тәрбиелеу және білім беру мәселелерін шешеді, немесе ӛзін-ӛзі тәрбиелеу тәртібінде жүзеге асады. Дене тәрбиесінің ерекше белгілсрі былай түжырымдалады: ол ең әуелі дағдыланған қимыл-қозғалыстардың калыптасуы және бұлшық ет сапаларының дамуы, осы екі жиынтық дененің еңбек ету қабілеттілігін анықтайды.
Дене тәрбиесі іліміндегі зерттеу тәсілдері. Дене тәрбиесі басқа ғылымдар саласында зерттеу жұмысын екі түрде ӛткізеді. Тәжірибе жүзінде (немес эксперимент құбылыстарды табиғи күйінде анықтау) және ӛзіндік теория жолымен. Ғылыми зерттеу тәсілдері кӛп жақты. Дене тәрбиесіндегі негізгі қолданылатын талдау мен қорытынды жасау, педагогикалық бақылау, эксперимент пен математикалық тәсілдерді қолдану аса үлкен орын алады. Сонымен қатар шектес ғылымның әр түрлі салалары да қолданылады. Мысалға: социология, психология, физиология, биомеханика т.б.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәні үш бөлімнен тұрады:
1. Дене тәрбиесі теориясының жалпы негіздері – дене тәрбиесі мен спорт жүйесіндегі дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің алатын орнын зерттейді. Дене тәрбиесінде жиі кездесетін терминдерге, ұғымдарға теориялық түсініктер береді. Қазақстан дене тәрбиесі жүйесіне, дене тәрбиесі амалдарына, әдістеріне, дене қуаты қасиеттеріне, қағидаларына, қозғалысқа үйретуге т. б дене тәрбиесінде кездесетін әртүрлі мәселелерге терең ғылыми теориялық түсінік береді, олардың заңдылықтарын анықтайды, дене тәрбиесі тәжірибесінде қалай пайдалану керек екенін оқытады.
2. Дене тәрбиесінің әдістемесі - әртүрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілейді, талқылайды. Жүргізілетін сабақтардың мазмұнын, құрылымын, түрлерін, жоспарлауды, ұйымдастыру әдістерін, әдістемелерін оқытады. Педагогикалық талдау, сабақ тығыздығын анықтау, жүктемені мөлшерлеу жолдарын үйретеді.
3. Спорт теориясы мен әдістемесі - жаттықтыру өткізу әдістемесін, кезеңдерін, әртүрлі ерекшеліктерді оқытады. Балалармен, жасөспірімдермен, ересек жастағы спортшылармен жаттықтыру сабақтарын жоспарлау, жүктеме беру, әртүрлі амалдарды, әдістерді, қағидаларды, әдістемелерді қолдану секілді спорттық жаттықтыруға, спортшылар дайындығына, оларды жоғарғы көрсеткішке жеткізу жолына бағытталған жұмыстарды жүргізуді үйретеді.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәнін оқу барысында біз мынандай ұғымдарды танып, түсіне білеміз: «Дене тәрбиесі», «Спорт», «Дене қуатының реабилитациясы», «Дене қуатының рекреациясы», «Дене қуаты дайындығы», «Дене қуатының жетілуі», «Дене қуаты білімі», «Дене дамуы».
Дене мәдениеті жүйесінің мақсаты мен міндеттері. Дене мәдениеті жүйесінің негіздері. Дене мәдениеті жүйесінің негізгі бағыттары.
Қазақстан мемлекетінің дене мәдениеті жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, нормативтік-бағдарламалалық негіздердің жиынтығы және республикада дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер.
Дене мәдениеті жүйесінің басты мақсаты – күш қуаты мықты, жан – тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан–жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген:
1. Білім беру міндеттері – қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру. 2. Сауықтыру міндеттері – дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты нығайту. 3. Тәрбиелік міндеттері – адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.
Дене мәдениеті жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік–экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама–нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді. Дене мәдениеті жүйесінің бағдарлама – нормативтік негізіне жататындар: дене тәрбиесінің мемлекеттік бағдарламалары, президенттік сынама, мемлекеттік спорттық классификация.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет