«Денсаулық және сұлулық» ( факультатив курс бағдарламасы)



Дата08.02.2022
өлшемі24 Kb.
#123359
түріБағдарламасы
Байланысты:
денсаулық және сұлулық


«Денсаулық және сұлулық»
( факультатив курс бағдарламасы)
Түсінік хат
Адам өміріндегі ең қымбатты - денсаулық. Дені сау, білімді, жан – жақты дамыған адам ғана өз өмірін дұрыс жолға қоя алады. Денсаулықты ешқашан ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың, бірақ оны сақтау және қалыптастыру әрбір адамның өз қолында. Ол үшін салауатты өмір салтын ұстану керек. Жасөспірімдік кезең есеюдің ең ғажабы. Бұл кезеңде адам ағзасында елеулі өзгерістер болады, сондай –ақ өмір сүру дағдысы қалыптасады. Жасөспірімнің болашақ өмірі үшін осы кезеңде зиянды әдеттерге үйір болмай өз денсаулығын күту керек, алдағы уақытта немен шұғылданады, қандай отбасын құрады т.т.с.с осы кезеңде дұрыс болуына байланысты. Өз ағзасын басқара алуы үшін ол ең бірінші ағзасының құрылысы қандай, қалай жұмыс істейді, ненің пайдалы немесе зиянды екенін білуі қажет.34 сағаттық «Денсаулық және сұлулық» факультатив курс бағдарламасы балаларға денсаулықтарын күтуге, жеке бас тазалығын сақтауға, демалысы мен еңбегін дұрыс ұйымдастыра алуға көмектеседі. Факультатив курс бағдарламасы мазмұнынына теориялық ұғымдар ме қатар практикалық тері, шаш, тырнақ, көз, тістерін күту жайында ұсыныстар мен кеңестер кіргізілген. Мектеп жасындағы оқушылар мен жасөспірімдердің осы кезеңде зиянды әдеттер темекі шегу, алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарға әуестенулеріне байланысты зиянды әдеттердің әсері туралы арнайы тақырыпарналған. Курс бағдарламасында басты көңіл дұрыс тамақтану тақырыбына арналады. Курс 8 сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен басты оқу бағдарламасына негізделіп жасалған. Курсты оқу жасөспірімдердің дені сау, сұлу, өзіне сенімі мол жастар болып өсуіне септігін тигізеді. 
Курстың мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру , жеке басының дене сымбаттылығы мен денсаулығын жетілдіру және нығайту, өзін –өзі тану әдістерін үйрету. Күтілетін нәтижелер:Беріліп отырған курсты жүзеге асыру барысында жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстану дағдысының нығаюы, гигиеналық мінез құлқы қалыптасуы тиіс.
Оқушылар үйренеді:

  • омыртқа жотасы, көз, мойын, қолдарға арналған жаттығулар кешенін;

  • таңғы және тыныс алуға байланысты жаттығулар кешенін;

  • көз, тіс, шашты күту тәсілдерін;

  • шынығу, массаж жасау түрлерін;

  • өз денесін күтуге арналған бағдарлама жасай алуға және мінез – құлқына баға беру тәсілдерін.

Денсаулық және сұлулық»


( факультатив курс бағдарламасы )
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар( 34 сағат)


Р/с

Тақырыбы

Сабақ түрі


1тақырып. Күнделікті гигиена
(3 сағат)


1.

Тұрмыс жағдайын ұйымдастыру. Үй тұрмысының гигиенасы мен экологиясы .

Әңгімелесу

2.

Күнделікті дене күтімі. Теріні күту. Монша.Ванна.

Әңгімелесу

3.

Гимнастика және оның сауықтыру маңызы. Жаттығу кешені: «Таңертең», «Тынық бас», «Тамақты қорыту». Шынығу.Ысқылау.

жаттығу сабағы


2 тақырып. Қозғалыс – біздің досымыз (1 сағат)


4.

Гиподинамия деген не . Аурудан арылудың бірден бір жолы – ол қозғалыс.

Әңгімелесу – жаттығу сабағы


3 тақырып. Дұрыс тамақтанудың маңызы (3 сағат)


5.

Тамақтану заңдылықтары. Ақуыздар, майлар, көмірсулардың жасөспірімдер тамақтануындағы маңызы. Дәрумендер, минералды заттардың тамақтанудағы рөлі, олардың денсаулыққа қатысы.

Әңгімелесу

6.

Тамақтың пайдалы қасиеттерін қалай сақтау керек. Тамақтану мәдениеті мен ережесі.Диета.

Әңгімелесу

7.

«Тамақтану әліппесі» (негізгі ережелер).  Тамақтың құнарлылығы.

Жаттығу сабағы


4 тақырып. Демалыс өнері. (2 сағат)


8.

Шаршау деген не және оның алдын қалай алуға болады. Күнделікті демалыс . Ұйқы және оның маңызы. Мереке және каникул күндеріндегі демалу.

Әңгімелесу

9.

Релаксация әдістері. Релаксация үшін жаттығу кешені.

Жаттығу сабағы


5 тақырып. Никотин, ішімдік және есірткі – сұлулық жауы (3сағат)


10.

Адамдар неліктен темекі шегеді. Темекі тарихынан.  Улы түтін. Никотинннің ағзаға зиянды әсері. Темекі шегу немесе денсаулық. Темекіні қалай тастауға болады.

Әңгімелесу – пікірталас

11.

Алкоголь тарихынан. Адамдар неліктен ішімдік ішеді. Маскүнемдік қалай басталады. Мас болу және маскүнемдікке салыну түрлері Алкоголь және дамып келе жатқан ағза.

Әңгімелесу – пікірталас

12.

Есірткінің шығу тарихы. Неліктен адамдар есірткіге салынады. Адам ағзасына есірткінің зияны. Салауатты өмір салтын ұстану.

Әңгімелесу - пікірталас


6 тақырып . Қоршаған ортаның теріге әсері. (1 сағат)


13.

Шаң - тозаң. Күн радиациясы. Шайыр, еріткіш,дірілік зат, қышқылдар. Минералды тыңайтқыштар, пестицидтар, гербицидтар. Гигиена және алдын алу.

Конференция


7 тақырып. Шаш күтімі (1сағат)


14.

Күнделікті шаш күтімі. Шашты жуу және кептіру. Құрғақ шаш. Майлы шаш. Қайызғақ. Шаштың түсуі. Шаштың түсінің өзгеруі.

Әңгімелесу - жаттығу сабағы


8 тақырып. Бет күтімі (2 сағат)


15.

Қалыпты тері. Майлы тері. Тері түрін анықтау.

Әңгімелесу - жаттығу сабағы

16.

Сәндік және емдік косметика. Теріге массаж жасау.

Әңгімелесу - жаттығу сабағы


9 тақырып. Тері ақауы (2 сағат)


17.

Безеу. Секпіл. Сүйел. Әжім. Алдын алу және гигиена.

Әңгімелесу

18.

Емдік шөптер мен мен жемістерді теріні күту мақсатында қолдану.

Конференция


10 тақырып. Көз күтімі (1сағат)


19.

Көзіңді қалай күтесің. Көздің тітіркенуі. Көз гимнастикасы . Қас пен кірпікті күту.

Жаттығу сабағы


11 тақырып. Тіс және ерін күтімі (1сағат)


20.

Ерін әдемілігі. Ауыз қуысын күту ережесі.

Әңгімелесу


12 тақырып. Мұрын, құлақ, мойын, иек күтімі. (2сағат)


21.

Мұрын қуысы гигиенасы. Мұрын қуысы қабынуын алдын алу. Тыныс алу гимнастикасы. жаттығу кешені «Тыныс жолының қабынуынсыз» жаттығу кешені.

Жаттығу сабағы

22.

Құлақ гигиенасы . Құлақ қалқанын шынықтыру. Мойын мен иеккке жаттығу кешені.

Жаттығу сабағы


13 тақырып. Қол күтімі (1 сағат)


23.

Қол күтудің негізгі ережелері. Жұмыс істеу кезіндегі қолды күту. Үсуден сақтандыру.Тырнақ күтімі. Қолға гимнастика.

Әңгімелесу - жаттығу сабағы


14 тақырып. Аяқ күтімі (1сағат)


24.

Аяқ тершеңдігі.Тамырлардың кеңеюі. Аяқ үсігі. Жалпақтабандылық, қажалу, күс. Емдік алдын алу. Аяқ гимнастикасы.

Әңгімелесу –жаттығу сабағы


15 тақырып. Сымбат (1 сағат)


25.

Сымбат деген не. Қалай отыру, жүру, тұру, жату, ауыр көтеру керек. Омыртқа жотасына жаттығу.

Әңгімелесу - жаттығу сабағы


16 тақырып. Ішіміздегі құпия (2сағат)


26.

Физиологиялық ұл және қыз баланың ағзасындағы жыныстық жетілу кезеңіндегі өзгерістер. Контрацепция деген не.

Әңгімелесу

27.

«Ғасыр обасы» - ЖИТС.

Әңгімелесу


17 тақырып . Сән және денсаулық (1 сағат)


28.

Сән қалай пайда болды. «Сәндік» аурулар.

Әңгімелесу - пікірталас


18 тақырып. Медицина тарихынан немесе адамдар қалай емделе бастады. (3 сағат)


29

Аромо –және арттерапия. Өзімізге таныс заттар өмірбаяны (сабын, тіс щеткасы, градусник және т.б. пайда болуы.).

Конференция

30-31

Адамның таңғаларлық мүмкіндіктері

Өз денесін күтуге арналған бағдарламаны қорғау.

32-33

Медицина жаңалықтары

Әңгімелесу

34

Қорытынды сабақ

тест


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет