«Денсаулықты нығайту негіздері» пәні бойынша «ҚДС» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары 2021-2022 оқу жылы


«Денсаулық потенциалы» ұғымының анықтамасы



бет3/22
Дата14.12.2022
өлшемі7,82 Mb.
#162782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
ДНН СЕССИЯ (копия)

7. «Денсаулық потенциалы» ұғымының анықтамасы
8. Денсаулық балансы дегеніміз не?
9. «Өмір сапасы» түсінігінің анықтамасы
Өмір сүру сапасы — адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын жайлылық дәрежесі. Өмір сапасы адамдардың алуан түрлі материалдық, рухани, зияткерлік, мәдени,
эстетикалық және басқа да қажеттіліктерінің тұтас кешенін қанағаттандыру дәрежесін көрсетеді.
Өмір сүру деңгейі — бұл адамның материалдық, рухани және мәдени мұқтаждықтарын
қанағаттандыру экономикалық санат. Өмір сапасы (life quality)– бұл индивидумның өзі өмір сүріп жатқан ортасындағы оның мақсаты, қызықтылығы,стандарттылығы және де оның мәдениет контексі мен құндылықтар жүйесіндегі орны мен қатынасы. Бұл анықтамаға қарамастан дисосация жалғасуда. Кейбір авторлар өмір сапасын өмір сүру (тұрмыс), психоциалды атрибуттармен шектелу деп түсіндіреді. Ал кейбіреулер бұл категория мінездемесін мына көрсеткіштерден іздейді: ауру, өлім, симтомдар, болжам т.б. Ал үшіншілері өмір сапасын материялды және ішкі жан – дүниелік байлық, яғни тамақтану сапасы, өмір сүру жағдайы, киімнің сапасы, денсаулык сактаудың сапасы деп түсінеді. Төртіншілер оны физикалық, психикалық және эмоционалды сәттілік контексі деп айтады.
10. Салауатты өмір салты, анықтамасы, сипаттамасы
Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын.
Қимыл белсенділігі
Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.
Организмді шынықтыру
Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы, шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Дұрыс толыққанды тамақтану
Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.
Жарақаттың алдын алу
Бұл сыну, шығу, күйік, үсік, улану сияқты әр түрлі жарақатты болдырмау. Жарақаттарға әр түрлі жағдайларда душар болады: көшедегі қауіпсіздік ережелерін сақтамағанда, электр құралдарын дұрыс пайдаланбағанда, улы өсімдіктер мен саңырауқұлақтарды пайдаланғанда т.б. жағдайларда.
Жұқпалы аурулардың алдын алу
Жеке гигиена ережелерін бұлжытпай орындау, жұқпалардан қорғану тәсілдерін білу, алдын алу екпелерін уақытымен қабылдау.
Зиянды әдеттерден алшақ болу
Теmекі шегуден, ішімдіктен, есірткі және уытты заттардан бас тарту. Бұл зиянды әдеттер организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян келтіреді.
Күйзеліс (стресс) пен кикілжіңді болдырмау
Бұл адамның өз күйін анықтай білу, көңіл-күйдің денсаулыққа әсерін білу, адамдар арасында тіл табыса білу, қарым-қатынас жасай білу, көңіл-күйін басқара білу - бұның бәрі психикалық денсаулықты қорғауға мүмкіндік жасайды.
Экологияның денсаулыққа әсері
Адам организміне қоршаған орта факторларының әсері туралы білім, қоршаған орта факторларының зиянды әсерінен қорғай білу денсаулықты сақтауға және түрлі ауруларды болдырмауға жәрдемдеседі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет