Депрессия


Депрессияға ұшыраған псиxологтың әңгімесі



бет7/7
Дата06.05.2020
өлшемі45,5 Kb.
#66241
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Депрессия

Депрессияға ұшыраған псиxологтың әңгімесі Психологтар да депрессияға ұшырайды. Төменде психологиялық терең депрессиямен ауырған ресейлік Вит Ценевтің әңгімесін ұсынып отырмыз. Түсінгеніміз, ол ешкімнің көмегінсіз өзін-өзі сауықтырған.

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

«Тәтті жегім келеді, депрессияда жүрмін. Шоколад мені депрессиядан алып шығады. Түнімен көз ілмеймін, менде – депрессия. Бұлыңғыр күнде жаңбыр жауса – депрессияға ұшыраймын. Таңертең депрессияда болғам, кешке көңілім көтерілді. Кеше нағыз депрессияға кіріп кеттім. Осы суретке қарасам, депрессияға ұшыраймын. Ертеңгі күнді ойласам, депрессияға кірем... Бұл әншейін бекер бос сөз. Мен де осылай айта беретінмін... басыма түспейінше... Нағыз депрессияны өз басымнан өткіздім. Шоколад та, дәмді тағам да, ашық күн де – еш нәрсе депрессиядан шығуға көмектесе алмайды. Депрессия өмір сүру қабілетіңді жояды екен. Спортпен шұғылданып, белсенді өмір салтын ұстанып депрессиядан «емделу» мүмкін емес. Өйткені өзіңді мәжбүрлеу – қиынның қияметі. Бұл дүниедегі өмір адам төзгісіз жабырқаңқы күйге түсіріп, бүткіл жан-тәнің тоқырайды. Ол - депрессия.

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

Өмірмен қош айтысқың келеді. Бірақ ол үшін бірдеме ойлап тауып, іске асыруың керек. Оған да зауқым жоқ. Міне, бұл – депрессия. Не істеу керек? Білмеймін. Дәрігер маманның кітабын оқығанмын. Одан да қайыр болмады. Ештеме істегім келмейді. Ештемеге ынтам да, шамам да жоқ. Қолымнан келер жалғыз нәрсе – ештеме істемеу. Тірі жанды көргім де, естігім де келмейді. Қасымда ешкімнің болғанын қаламаймын. Жұмыс туралы айтудың да қажеті жоқ. Тіпті жұмысты тастау үшін де әрекет етпедім. Не болса, о болсын. Жұмысқа баруды доғардым. Далаға шығуға құлқым жоқ. Қара түнек басты. Еңсемді бірдеме басып, жаншып тұр. Өмір сүргім келмейді деген тұжырымның өзі жүрегімді лоқсытады. Шынымды айтсам, тіпті ол туралы да ойламадым. Жақындарымның «Өмір деген керемет», «Өмір – құдайдың саған берген ең үлкен сыйы», «Өзіңді қолыңа ал, есіңді жи», «Бұл – уақытша, бәрі жақсы болады», «Ақылың бар ғой, сен күшті емессің бе» деген сөздері жанымды қинады. Бір нәрсе жанымды жегідей жейді. Тозақ пен жұмақ бар ма? Бар болса, депрессия – тозақ. Ал «Өмір» атты жұмақта тұрып жатқандар – шайтандар. Осындай ой. Айналамдағы адамдар өйтіп айтпағанда, бәлкім жаным бұлай қиналмас еді... Бірақ "бұл дүние - керемет" деп айтқан сайын тозаққа кіргендей болам. Айналамдағы адамдардың мүмкіндік бар екенін, тек талпынып көр деген сөздері жүйкеме әсер етті. Ол соқыр адамға «Бұл өмір қандай керемет, қарашы» деп ән салғанмен бірдей. Адамдармен қатынасуды тоқтаттым. Ешкімге есік айшпаймын. Телефонға жауап бермеймін. Мүлдем танымайтын адамдардың арасында болған әлдеқайда жеңіл. Бөгде адам жылап жіберсе, мені түсінді деп ойлағаннан зар еңіреп бірге жылауға дайынмын. Ол адам менің тұңғиыққа кеткенімді түсініп, еш амал қалмады деп жылайтындай. Бөтен адам қабірімнің басына кеп жылап отырғандай. Міне, депрессия осындай күйге түсіреді. Мұндай сәттерде туыстарыңның жанашыр сөздері торығу, үмітсіздік, сары уайымнан басқа еш нәрсе бере алмайды. Өйткені олар сенің эмоцияңмен етене жақын. Байқұстар, қолдау көрсетіп, көмек бергісі келеді. Бірақ ондай «қолдау» жүрегіңді одан әрі жаралайды. Тұяғымды қимылдатқым келмеді. Күндіз де, түнде де ұйықтай бердім, ұйықтай бердім. Қорқынышты түс көргем жоқ. Үрейлі түсім – бұл дүние. Ұйықтағаннан емес, оянғаннан зәредей қорықтым. Ал ұйқы мені аз да болса бұл өмірден бездіреді. Ұйықтай алмасам, қабырғаға қарап меңірейіп жата берем. Бір уақытта көзім ілініп кетеді. Қажеттіліктен ғана оянам. Көк тиын ақша қалмады. Үйімде азық-түлік таусылды. Үлкен ыдысқа қалған картоп пен қиярды салып қайнаттым. Барым сол. Тәбетім болмаса да шұқылап жедім. Қарным шұрылдағаннан, амалсыз. Түк болмаса кепкен шөпті де шайнап жұта салар едім... Қарнымның ашқаны сәл басылғанда төсекке теріс қарап меңірейіп жата бердім. Бұндай халім қаншаға созылды, есімде жоқ. Уақыт тоқтап қалған. Сағатқа қарамадым да. Күн бе, түн бе – бәрібір. Күннің жарығын көргім келмейді. Не істеймін? Істеудің қажеті қанша? Ойсыз, санасыз күй. Санам тоқтады, құлқым құрдымға кетті. «Бүгін» сөзі жүрегімді айнытса, «кеше» сөзі мүлдем бөтен. Келешек ғайып болды. Болашақ жоғалды. Тек бір адамның суреттері, жазған күнделігі, оқыған кітаптары менің бұл өмірде бар екенімді еске салады. Суреттерім құрып кеткен «өзге өмірді» еске түсіріп тұр. Қарауға шыдамым жетпейді. Аяғынан айырылған адам үйіне оралғанда дәлізден өзінің аяқ киімін көрсе қандай күй кешеді? Заттарыма қараған сайын сондай күй кештім. Көзін құртқым келді. Өткен өмірімді еске түсіретін заттардың бәрін құрта бастадым. Фотоларымды үлкен қайшымен ұсақтап қидым. Ертеден қара кешке дейін қиғыладым. Бір мезетте мірімнің мәні кіргендей болды. Әрине, фото да таусылар, бірақ ол туралы ойлағым келмеді. Таусылды. Сосын күнделігіме кірістім. Сосын кітаптар. Жалпы бұрынғы өмірімді еске салатын заттардың бәрін құртуым керек.Кітап, дәптерлерді парақшаларға бөліп, ұсақтап жырттым. Ал фотоларымды ұсақтап қидым. Қоқыстарды дорбаға тығыздап салдым. Дорбалар жиналған сайын далаға шығып қоқысқа тастай бердім. Бойым сәл жеңілдегендей. Бірдеме өзгерді. Өмір сүру керек деген ой қылаң берді. Бұл ой фото мен қағаздар таусылғанда пайда болды. Құртатын заттар көп-ақ. Бір мезетте таза ақ апараққа жаңа сөз жазғым келді. Жаңа, шақпақ қалың дәптерге. Түрлі-түсті қаламсаппен. Не жазуды әзірге білмедім, бірақ жазуға деген НИЕТ туды! Өміріңді таза апарақшадан баста деп айтушы еді. Тап солай. Еденде қағаздар шашылып жатты. Соны құртпайынша, таза парақшаны бастамаймын. Сөйтіп өткен өмірімді еске түсіретін заттарды толық құртпайынша дамыл таппадым. Санамда саңылау пайда болып, көмескі жарық түскендей. Эмоция мен ынта-ықыласым қайта оралғандай болды. Тәбетім ашылды. Адамдармен араласуға ниет пайда болды. Миымда тізбектеген ойлар. Қағазға түртіп алғым келді. Дәптерге жаза бастадым, бұл әрекетім өзіме ұнады. Сол дәптерді сақтамаппын, әлде оны лақтырып жібердім бе? Бірақ оның қажеті шамалы. Өткенімнің маңызы жоқ қазір. Бұлыңғыр елес қана. Депрессия – ол ажал алдындағы уайым. Адамның клиникалық өлімді басынан кешіргені іспеттес. Депрессия кезінде адамның денесі ғана өмір сүреді. Қимылдап, тамақ ішіп, жұмысқа барып. Қоғамға пайдасын тигізіп. Пайдалы, бірақ өлі күйде. Сенің өлі екенің ешкімнің миына кіріп шықпайды. Адамның физиологиялық қызметін тірілтетін препараттар да бар: қозғалыс белсенділігін арттырып, сыртқы дүниеге рефлекторлы және эмоционалды жауап беруге ынталандыратын, күш-жігеріңді реттеуді қалпына келтіретін, қан айналымын реттейтін және т.б. Бұл ешқандай сиқыр емес. Бұл кәдімгі психиатрия. Ал «өлі» адамды зомби жасап, «тірілтетін» құралдар әр дәріханада сатылады. Депрессия – мән-мағынаның жоғалғанынан да ауқымды. Депрессия – өмір сүрудің мүмкін еместігін терең түсіну. Өмір – тәмам, ал денең әлі тірі. Аяқ-қолың қимылдап, денеңді алып жүресің. Бірақ ең бастысы – өмір сүру қолыңнан келмейді. Ал ол жансыз, қожайынсыз ештеме істегісі келмейді. Қажеттіліктер бар. Қиналып, тырысып, талпыныс жасаудың қажеті жоқ. Керісінше, жасағың келетін нәрсені істеу керек. Міне, емі осылай. Денең ауырғанда не істегісі келеді? Соны ойла. Денең дәрі-дәрмек қабылдағысы келмейді. Ол тыныштықты қалайды. Демалуды. Ұйықтауды. Жарықтан аулақ, жым-жырт жерде. Тез сауығуға осы жеткілікті. Мен депрессиямен күрескем жоқ. Құлшыныс танытпадым. Бірдемені өзгертуге ықыласым болмады. Бәрін бәз қалпында қалдырдым. Ешқайда, ешкімге көмек сұрап бармадым. Өйткені оған зауқым соқпады, күшім де жетпеді. Ештеме істегім келмеді. Еш нәрсе. Істегем де жоқ. Бәлкім, менің өмірімді осы сақтап қалды ма? P/S. Бұл жағдай 90-жылдардың ортасында болған. Содан бері депрессияға ұшырамадым».

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет