ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
________________________
_____________Үдербаев А.Ж.
«____» ___________ 2019 ж.
СИЛЛАБУС
LNG 10112 «Академиялық қазақ тілі»
(пәннің атауы)
2 кредит саны
Семестр: күзгі семестр 2019-2020 оқу жылы
Алматы, 2019
Оқытушы: Өмірзақова Альфия Кеңесқызы
Оқытушы туралы мәліметтер
|
Өткізу уақыты және орны
|
Байланыс үшін ақпарат
|
Аудиториялық сабақтар
|
СӨЖМ
(Офис сағаттары)
|
Whats’Up
|
Әлеуметтік желі аккаунты
|
e-mail
|
Филология ғылымдарының кандидаты,
асс. профессор
|
|
610
|
8-7772497235
|
|
alfiya.omir@mail.ru
|
Пререквизиттер: Диагностикалық тест; Жалпы қазақ тілі (А2)
Постреквизиттер: Іскерлік қазақ тілі
Курстың қысқаша мазмұны: Берілген курс орыс тілді аудиторияларының қазақ тілін білу дәрежесі академиялық қазақ тілі (В1) деңгейіндегі студенттерге арналған. Бұл курста студенттер қазақ тілінің академиялық мақсаттарда қолданылуына қатысты коммуникативтік және тілдік бірліктер меңгереді. Тілдік-танымдық бағыттағы материалдармен жұмыс барысында олардың сөйлеу біліктіліктерін жетілдіру, сөз әдебін, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
Пән өту кезінде алған білім:
Сөйлесім әрекетінің түрі
|
Нәтижелер
|
Тыңдалым бойынша
|
әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-қоғамдық тақы-рыптардағы әдеби тіл нормасына сай айтылған қысқа хабарламалар, жаңалықтар мазмұнын түсінеді;
әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-тұрмыстық мәсе-лелерге арналған телехабарлардың мазмұнын түсінеді;
орта жылдамдықпен оқылған дәрістердегі, баяндамалардағы негізгі ойды түсінеді.
|
Оқылым бойынша
|
күнделікті және кәсіби қарым-қатынастағы бейімделген мәтіндердің мазмұнын түсінеді;
оқиғалар мен жаңалықтар, жеке сипаттағы хаттар мәтінін түсінеді;
оқыған мәтін бойынша өз пікірін білдіреді;
оқыған мәтіндердегі ойға өз қөзқарасын білдіреді.
|
Айтылым бойынша (монологтік сөз)
|
оқыған немесе естіген ақпараттың мазмұнын баяндап айта алады және өз көзқарасын айта алады;
көрген немесе естіген нәрселерін сипаттай алады және көзқарасын айта алады;
жеке әсерлері, армандары және оқиғалар туралы өзінің ойын, пікірін жүйелі жеткізеді және өз көзқарасын дәйектеп айта алады.
|
Тілдесім бойынша
|
ұсынылған тақырып (мысалы, «Қарым-қатынас», «Саяхат», «Баспасөз медиа» т.б.) бойынша хабарламалық сипаттағы диалог құрастыра алады;
ұсынылған тақырып бойынша қарапайым прагматикалық диалог құра алады және пікірталасқа қатыса алады:
ғылыми-көпшілік, мәдени-танымдық, әлеуметтік-мәдени тақырыптардағы пікірталастарда өз ойын айта алады.
|
Жазылым бойынша
|
ресми және бейресми құттықтаулар, өтініш, ресми өмірбаян, арыз-шағым т.б. жаза алады;
мәтіндегі негізгі ойды тұжырымдап жаза алады;
ұсынылған тақырып бойынша эссе жаза алады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |