8.2.2.1 электрондық кестелер мәселелерді шешу үшін түрлі деректер пішімдерін пайдалану
|
(Ұ) Оқушыларға электрондық кесте туралы негізгі түсініктерді есте түсіру үшін сөзжұмбақ шешуді ұсыныңыз. Мысалға:
Сөзжұмбаққа арналған сұрақтар:
Кестеде қамтылған сандық ақпараттың графикалық бейнесі.
Кесте ұяшықтарының блогы.
Кестенің негізгі құрылымдық элементі.
Мәні басқа шамалардың мәндеріне тәуелді болатын айнымалы.
Ұяшықтардың мазмұны бойынша операцияларды орындау үшін қолданылатын жазба.
Ұяшық атауы, баған атауы мен жол нөмірінен тұрады.
Ұяшыққа енгізілетін мәліметтердің бір түрі.
Белгілі бір ұяшыққа байланыс жасау.
(Т) Оқушыларға өнімнің көлемін есептеуге байланысты тапсырмалар беріңіз. Оларды қалай шешуге болатынын талқылаңыз. Ұсынылған мәселелерді шешу үшін қандай программалық жасақтама қажет қолдану керек екенін талқылаңыз.
(Ө, Қ) Оқушылармен негізгі мәлімет типтерін, электронды кестені форматтау тәсілдерін қайталаңыз, электронды кестеде қарапайым есептеулер жүргізулерін сұраңыз.
(Т, М) Электрондық кестелердегі деректер пішімдерін зерттеуге бағытталған жұмысты ұйымдастырыңыз. Мысалдар арқылы көрсетіңіз.
(К, Ұ) Оқушыларға деректер пішімдерінің қолданылуын бейнежазбамен немесе компьютердегі бағдарламада көрсетіңіз.
Деректер пішімдері мен олардың мысалдарын сәйкестендіруді сұраңыз:
|