Дербес білім беру ұйымы информатика оқу жоспары 2021-2022 оқу жылы 8-сынып



бет26/41
Дата17.12.2023
өлшемі0,93 Mb.
#197429
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
Байланысты:
Оқу жоспары Информатика 8 сынып

Range
Range «диапазон» дегенді білдіреді, яғни for i in range(n) дегеніміз «0-ден (қоса алғанда) n-ға (қоса алғанда) дейінгі барлық i мәндері үшін» деп оқылады. Цикл n рет орындалады.
Егер range – ға бір сан берілсе, онда итератор 0-ден берілген санға дейін өтеді (санның өзін қоспағанда).
Егер екі сан берілсе, бұл итератордың бастапқы және соңғы мәні.
Егер үш сан берілсе, онда бұл итератордың бастапқы, соңғы мәндері және итератор қадамы.

[x0, xn] диапазонындағі х үшін f (x) функциясының мәндерін анықтау бойынша тапсырманы орындау пайдалы болады.


range функциясын қолдануға көбірек көңіл бөліңіз, өйткені бұл дағды оқушыларға циклдың қалай жұмыс істейтінін түсінуді жеңілдетеді. Барлық нұсқаларды қарастырыңыз. Оқушыларға келесі форматтағы тапсырмаларды ұсынуға болады:



  1. for x in range(5) циклы қанша рет орындалады? (Жауабы: 5)

  2. (for x in range(1, 4) циклы қанша рет орындалады? (Жауабы: 3)

  3. for x in range(1, 10, 3) циклы қанша рет орындалады? (Жауабы: 3)

  4. for x in range(8, 4) циклы қанша рет орындалады? (Жауап: 0) - Бұл нұсқа неге бір рет те орындалмайтынын талқылау үшін ұсынылады.

  5. for x in range(8, 4, -2) циклы қанша рет орындалады? (Жауабы: 2)

Тек циклды енгізіп қана қоймай, сонымен қатар енгізу деректерінің шарттарын тексеретін тапсырмаларды қолданыңыз.


Мысалы, «Нөлсіз көбейту» есебі
Қолданушы 6 бүтін сан енгізе алатын программа жазыңыз, содан кейін программа олардың көбейтінділерінің мәнін шығару керек. 0-ге көбейткенде кез келген көбейтінді нөлге тең болатынын барлығы біледі, сондықтан енгізу кезінде кездесетін 0 сандарын өткізіп жіберу керек. Енгізілген сандардың барлығы нөл емес екеніне көз жеткізу керек.

Саралау мақсатында сіз «FizzBuzz» есебін ұсына аласыз.


«FizzBuzz» есебі Америкада жаңа бағдарламашының жұмысқа қабілеттілігі бар-жоғын тексеру үшін жұмыс сұхбаты кезінде берілген деп есептеледі.
а және b екі натурал сандарын енгізетін бағдарламаны жазыңыз (a

  • «Fizz» шығады, егер енгізілген сан 3 -ке бөлінсе;

  • «Buzz» шығады, егер енгізілген сан 5 -ке бөлінсе;

  • «FizzBuzz» шығады, егер алдыңғы екі шарттың екеуі де орындалса;

  • басқа жағдайларда енгізілген санның өзі шығады.




Python for циклі
http://www.informatika.kz/wiki/python-for-cikli.php

Python оқулықтары. Авторлары: К.Ю.Поляков, Е.А.Еремин


https://kpolyakov.spb.ru/school/pycpp.htm

Блок -схемаларды құру үшін сіз Microsoft Power Point бағдарламасындағы немесе онлайн қосымшасындағы http://www.gliffy.com


қарапайым автофигураларды қолдана аласыз

Интерактивті оқулық. Python -дағы циклдар


https://pythontutor.ru/lessons/for_loop/

Python -дағы циклдар


http://pythonicway.com/python-loops

For циклы, While циклы, және де операторлар


https://itproger.com/course/python/6

For циклы


https://younglinux.info/python/for

Циклдік программалар (Python) https://kpolyakov.spb.ru/school/ogetest/b9py.htm



Дидактикалық тапсырмасы бар FizzBuzz тапсырмасы
https://www.bzfar.org/load/informatika/didakticheskij_material/zadacha_fizzbuzz/3-1-0-10








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет