Деректер қорының негіздері
Деректер қоры-ақпараттық жүйелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпараттық жүйе өз алдына басқару функциясын орындау үшін әр алуан денгейдегі жұмыстарды ақпаратпен жабдықтаған объект туралы ақпаратты жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бойынша қатынас жүйесін білдіреді.
Деректер қоры – компьютер жадында сақтайтын, арнайы түрде ұйымдасқан, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығы.
Ақпараттық жүйелердің мысалына: банктік жүйелер, кәсіпорындарда, автаматты түрде басқару жүйелері, авияция немесе темір жол билеттерін, мейрамхана номерлерін алдын ала белгілеу және тағы басқа жатады.
Деректер моделі және түрлері
Иерархиялық модель – мәліметтер арасындағы байланысты реттелген графтар арқылы сипаттауға болады. Қандайда бір программалау тілінде иерархиялық деректер қоры құрылымын есептеу үшін тармақ мәліметтер типі пайдалынылады.
Желілік модель – мәліметтердің элементтерінің еркін графтар түріндегі өзара байланысын білдіреді. Желілік деректер қорының схемасын сипаттауға екі тип пайдалынылады: жазба және байланыс.
Реляциялық модель – мәліметтердің реляциялық моделін JBM фирмасының қызметкері Эдгар Код ұсынған және ол қатынас ұғымына негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |