Сұраулар құру. Сұрау түрлері. Есеп құру.
Сұраныстарды қолдану МҚ-нан ақпараттарды алудың ең жылдам тәсілі болып табылады. Сұраныс бір немесе бірнеше байланысқан кестелерден керекті мәліметтерді таңдап алуға, есептеулер жүргізіуге және нәтижелерді кесте түрінде түрінде алуға мүмкіндік береді. Сұраныстар құру үшін мәліметтер схемасында көрсетілген кестелердің керекті өрістерін тышқан арқылы белгілеп алып, сұраныс бланкесіне тасымалдап, жазбаларды таңдап алу шарттарын енгізсе болғаны.
Microsoft Access-те тұтынушыға қолайлы болып саналатын үлгі бойынша сұраныстар қалыптастыру – QBE (Query By Example) мүмкіндігі бар, оның көмегімен күрделі сұраныстарды оңай құрастыруға болады. Сұранысты бастапқы МҚ кестелері арқылы , басқа сұраныстар нәтижесінде алынған кестелер және құрылған сұраныстар негізінде де тұрғызуға болады. QBE сұраныстары пайдаланылатын кестелер мен сұраныс бланкы бар
мәліметтер схемасынан тұрады. Сұраныстар құру үшін мәліметтер схемасында көрсетілген кестелердің керекті өрістерін тышқан арқылы
белгілеп алып, сұраныстар бланксіне тасымалдап , жазбаларды таңдап алу шарттарын енгізсе болғаны. Әрбір кесте өрістері тізімінің бірінші орында «кестенің барлық өрістері » деген мағынаны білдіретін * символы бар, оны таңдасақ, сұранысқа барлық өрістер енгізілетін болды.
Сұраныс құру үшін “Сұраныстар” (“Запросы”) парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шерту керек. Сондағы сұраныстарды жасау режимін таңдау терезесі көрсетілген.
Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
45
Сұраныс менюі сұраныстармен жұмыс істеуге арналған, оның мынандай пункттері бар:
|