«Деректер қорының теориясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені


Реляциялық модель. Анықтамасы. Реляциялық алгебра және реляциалық есептеулер



бет13/62
Дата15.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#101364
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62
Байланысты:
7da11e8a-0752-11e7-bfa7-a692e7d05c5eSQL УМК
тест саясаттану180, Фи-ра РК2, 605b75d27c0f7 (1), №7 СОӨЖ, Аскар Азамат 104Б, Қайратұлы Темірлан 104 Б, Пульмикорт-Ибраимова
Реляциялық модель. Анықтамасы. Реляциялық алгебра және реляциалық есептеулер.
Реляциялық модель мәліметтердің қосөлшемді кестелер жасауға бағытталған. Әрбір реляциялық кесте қосөлшемді массивті білдіреді және төмендегідей қасиеттерге ие болып келеді:
кестенің әрбір элементі — мәліметтердің бір ғана элементі;
кестедегі барлық бағандар бірыңғай, яғни барлық элементтер бірыңғай типке (сандық, символдық тағы сол сияқтылары жағынан) және ұзындыққа ие;
әрбір бағанда тамаша атаудың болуы;
кестеде бірдей қатарлардың болмауы;
қатарлар мен бағандарды сақтау тәртібі еркін түрде бола алады. Қатынастар қатарлар түрінде, ал бағандар — қатынастар, домендар, өрістер атрибуттарға кортеждер немесе жазбаларға сәйкес келетін кесте түрінде көрсетілген.
Нақтылы сәйкес түрдегі жазбаны анықтайтын әрбір мәннің өрісі жай ғана кілт (түйінді өріс) деп аталады.
Егер, жазбалар нақтылы түрдегі бірнеше өрістер мәндерімен анықталатын болса, онда мұндай мәліметтер қоры қосымша түйінге, кілтке ие болғаны.
Екі реляциялық кестені біріктіру, қосу үшін, бірінші кестенің түйінін екінші кестенің түйінінің құрамына (мүмкін, түйіндердің сәйкестігіне) енгізу қажет; олай етпеген жағдайда, бірінші кестенің құрылымына сыртқы түйінді, кілтті — екінші кестенің түйінін, кілтін енгізу қажет.
Қиын мәселелерді шешу үшін бір деректер қорын құру жеткілікті болмайды. Тауар аты және жеткізушілердің мекен жайы болатын тауарларға тапсырыс құру керек болсын. Егер тауарлар тұралы барлық ақпараттарды тек
Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым

26
бір ДҚ-да сақтасақ, онда әрбір жазбада тауар атының қасына, жеткізушінің мекен жайы үшін өріс қарастыру керек болады. Егер бір жеткізуші бірнеше тауар шығарса, онда көптеген жазбалар бірдей ақпарат:


әрбір тауар аты үшін бір жеткізушінің мекен жайын сақтаушы еді. ДҚ-н құрудың бұл амалының кемшіліктері бар:
-ДҚ-на белгілі жеткізушінің жаңа тауары тұралы ақпарат енгізуде, оның мекен жайын тағы да құрылатын жазбаға енгізу керек;
-егер жеткізушінің мекен жайы өзгерсе, онда берілген мекен жайдан тұратын барлық деректер блоктарын тексеріп, жаңартып шығуға тұра келеді. Реляциялық ДҚ-да ақпараттар екі өлшемді кесте түрінде сақталады. Әрбір кестеде берілген типті (адамдар, тауарлар және т.б. )объектілер жиынтығы тұралы мәліметтер болады.
Кестедегі қатарлар (жолдар) жазба деп аталады. Жазба - бұл карточкада немесе бланкіде сақталған ақпараттың компьютерлік аналогі. Кестедегі кез-келген жазбада бір объект тұралы (адам, тауар), ақпарат болады.
Кестедегі бағандар өріс деп аталады. Өріс - бұл карточка немесе бланкінің графасының компютерлік аналогі. Барлық жазбалар өрістердің бірдей жинағынан тұрады. Мұнда сипатталатын объектілердің қасиеттері тұрала ақпарат болады. Мысыалы, егер кестеде студенттер тұралы мәліметтер болса, онда оның әрбір жазбасында нақты студент тұралы ақпарат сақталады. Бір өріске оның коды, екіншісіне оқитын топ нөмірі, үшіншісіне фамилиясы т.с.с. орналасады. Әрбір өрістің мәндері деректердің бір типіне жатады: сандар, символдар қатар, мезгіл. Жеке жазба мен жеке өрістің қиылысуы ұяшық деп аталады, ал жеке ұяшықтағы жеке деректердің өзі өріс мәні немесе кесте әлементі деп аталады. Қарапайым жағдайда ДҚ бір кестеден тұрады, әдетте ол бірнеше өзара байланысқан кестелерді қосады. Кестелер арасындағы байланыс (relation) бірдей өрістер арқылы жүзеге асырылады. Реляциялық ДҚ-да кестелер арасындағы байланысты орнату, бір мезгілде бірнеше кестелерден ақпаратты алып тастау және біріктіруге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет