Пәннің мақсаты мен міндеті
«Деректер қорының жүйесі» курсының мақсаты - қазiргi заманғы мәлiметтер қорының теориялық негiздерiн, мәлiметтер қорын жасау және олармен жұмыс iстеу принциптерiн ұйрену, студенттердi әртұрлi информациялық жұйелерде мәлiметтер қорымен жұмыс iстеуге қажеттi бiлiммен қаруландырып, дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
«Деректер қорының жүйесі» пәнінің негізгі міндеттері: - қазiргi мәлiметтер қорының теориялық негiздерiн, мәлiметтер қорын жасау принциптерiн меңгеру және құралдарымен жұмыс iстей бiлу, әртұрлi МҚБЖ-де мәлiметтер қорымен жұмыс iстей бiлу, практикалық есептер шығару барысында мәлiметтер қорын қолдана бiлуi тиiс.
«Деректер қорының жүйесі» пәнін оқыту нәтижесінде студент:
мәлiметтер қорының теориялық негiздерiн, мәлiметтер қорын жасау принциптерiн және онымен жұмыс iстеу құралдарын бiлуi керек;
ACCESS және МҚБЖ-i тәрiздi әртұрлi ортада жұмыс iстей бiлу, практикалық есептердi шығаруға арналған мәлiметтер қорын жасау керек;
мәлiметтер қорын жасау мен жобалаудың негiзгi әдiстерiн меңгеруi керек.
ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ
-
№
|
Пән атаулары, олардың бөлімдері (тақырыптар)
|
Информатика. Операциялық жүйе. Жұмыс үстелі. Фаилдар мен бумалар.
Программалау технологиясы. Си тілінің негздері. Объектілі-бағытталған программаллау: негіздері.
Алгоритмдер мен деректер құрылымы. Алгоритм түрлері мен берілу тәсілдері.
Объектілік-бағытталған программалау. Программалау тілі. Семантикасы мен синтаксисы.Конструкторы мен деконструкторы.
ПОСТРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ
-
ЭЕМ архитектурасы. Компьютерді жасаудың ақпараттық-логикалық негізі.
Ақпаратты қорғау. Символдардың, жұптардың, үштіктердің, төрттіктердің, бестіктердің ықтималдығын есептеу. Екі кездейсоқ үрдістің корреляция коэффициентін есептеу.
Интернетте бағдарламалау. Интернеттегі мәлімет қоры. MySQL орнату, қолдану. SQL бұйрықтар. РНР тілі. Скрипті гипертекстен ажырату. Сервер жақтың скрипті. РНР тілінің синтаксисі.
Достарыңызбен бөлісу: |