Тек шифрмәтін қолданып бұзу (a ciphertext-only attack). Криптоаналитик тек қана бір алгоритммен шифрланған бірнеше шифрмәтінге қатынай алады. Бұзғыштың себебі – кілт ашу немесе бастапқы мәтінді ашу. Шабуылдың бұл түрі ең қиын болып саналады.
Ашық мәтін қолданып бұзу(a known plaintext attack). Криптоаналитик шифрмәтінмен ашық мәтінге қатынай алады. Мақсаты кілт табу. Осы орайда мынадай сауал пайда болуы мүмкін: Мұндай жағдай өмірде туындай алады ма? Шын мәнінде сіз ашық мәтінге қатынай алатындай жағдай көп. Мысалы, сізді қызықтырып отырған адам мәтіні бірдей хабарларды бірнеше адамға жіберу мүмкін (көп адамның бірі – сіз). Шифрмәтіннің бастапқы мәтіні сізге алдын-ала белгілі болуы мүмкін, мысалы, ол абонент резюмесі. Егер бастапқы мәтін сізге түгелдей белгілі болмаса, онда сіз әрқашан оның кейбір бөліктері жайында болжау жасай аласыз. Мысалы, хаттың бастамасы, соңы т.б.