1. Шифрленген хабар тек кілт болғанда ғана оқылуы тиіс.
2. Шифрленген хабар фрагменті бойынша шифрлеудің қолданылған кілтін анықтау үшін қажетті операциялар саны және оған сәйкес ашық мәтін мүмкін болатын кілттердің жалпы санынан аз болмауы керек.
3. Барлық мүмкін болатын кілттерді артық таңдау жолымен ақпараттарды шифрлеуді ашу үшін қажетті операциялар саны қатал төмен бағамен болуы тиіс және қазіргі компьютерлердің мүмкіндіктерінің (тораптық есептеу мүмкіндіктерін ескере отырып) шегінен шығуы керек.
4. Шифрлеу алгоритмін білу қорғау сенімділігіне әсер етпеуі тиіс.
5. Кілттің аздап өзгеруі бір кілтті ғана қолданғанның өзінде шифрленген хабар түрінің елеулі өзгеруіне әкелуі тиіс.
6. Шифрлеу алгоритмінің құрылымдық элементтері өзгеріссіз болуы керек.