Дәріс1. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫ
Негізгі капитал – кәсіпорынның өндіріс құралы мен еңбек құрал-жабдықтары. Өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдықтары жатады. Олар өз құнын жасалған өнімге өзінің тозуына қарай бірте-бірте бөлшектеп енгізеді, негізгі капитал пайдалану процесінде табиғи және моральдық тозуға ұшырайды.
Негізгі капитал өндіріс процессіне тағайындалу сипаты бойынша келесі топтарға бөлінеді: өндірістік және өндірістік емес негізгі капитал. Өндірістік капитал өнім өндіру немесе қызмет көрсету процессіне тікелей қатысады. Мысалы, жұмыс машиналары, станоктар, аспаптар. Өндірістік емес негізгі капитал өнім өндіруге жанама түрде қатысып, кәсіпорын қызметіне қолайлы жағдайлар тудырады. Оларға мыналар жатады: кәсіпорын медициналық қызмет орны, клуб, демалыс үйлері, балабақша және т.б. Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қордың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар - өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігі байланыстың, сауданың және басқа да материалдың өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорлар – тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.
Натуралдықды-заттық құрама принципінде негізгі қорлар мынадан тұрады – ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өндірістік-шаруашылық құрал-саймандар, жұмыс және өнімді мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер төлемдері.
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі (машиналар, жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына (қызмет) ықпал етеді. Пассивтік элементтер (ғимарат, құрылыс) өндірістік процестер үшін қажетті жағдайжасады.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Негізгі қорлардың кез-келген объектілері табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшеліктерін, үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды.Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді.Сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Сондықтан негізгі қорларды әсіресе, олардың активтік бөлігінен дүркін-дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы – сапалық тозу болып табылады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны – ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу (әсіресе, активтік бөлігі), себебі, олардың жеке және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.
1.1.1 Негізгі капиталды бағалау
Негізгі капиталдың алғашқы (баланстық) құны:
Сбал= Спр + Сд + См (1)
мұнда Спр – жаңа капиталды иемдену құны, тг;
Сд – жеткізу шығыны, тг;
См – монтаж шығыны, тг.
Қалпына келтіру құны:
Св = Сбал х Кпр (2)
мұнда Сбал – негізгі капиталдың баланстық құны;
Кпр – капитал құнын іс жүзіндегі бағаға келтіру коэффициенті.
Қалдық құны:
Сост = Сбал – Сизн (3)
мұнда Сизн – негізгі капиталдың тозу құны.
Негізгі капиталдың тозуы табиғи және моралдық болып бөлінеді. Негізгі капиталдың табиғи тозуы мына формуламен анықталады:
Сизн = Ао х Тэ (4)
мұнда Ао – амортизациялық жарнаның жылдық сомасы, тенге;
Тэ – негізгі капиталдың қызмет ету мерзімі, жыл.
1.1.2 Негізгі капиталдың амортизациясы. Бүгінгі күнде амортизацияны есептеудің барлық әдістемелерінің арасында ең кең қолданылатыны сызықтық түрі. Сызықтық амортизация – жыл сайын өнімнің өзіндік құнынан бірдей амортизациялық жарнаның алынуы.
(5)
мұнда На – баланстық құннан % бойынша амортизацияның жылдық толық қалпына келтіру нормасы
(6)
мұнда Сликв – негізгі капиталдың жойылу құны, тенге;
Тэ – экономикалық негізделген қызмет мерзімі, жыл.
Негізгі капиталдың қозғалысын (1 топ), техникалық жағдайын (2 топ) және пайдалану тиімділігін (3 топ) сипаттау үшін төмендегі көрсеткіштерді қолданады.
Бірінші топ. Жаңару коэффициенті
(7)
мұнда Своф – жыл ішіндегі енгізілген негізгі капитал құны, тенге.
Шығу коэффициенті:
(8)
мұнда Свыбоф – жыл ішіндегі шығарылған негізгі капитал құны, тенге.
Екінші топ. Тозу коэффициент
(9)
мұнда Сизн – негізгі капиталдың тозу құны, тенге.
Жарамдылық коэффициенті:
(10)
Кг = 1-Кизн (11)
Үшінші топ. Қор қайтарым – негізгі өндірістік капиталдың 1 тенгесіне шаққандағы өнім мөлшерін білдіретін көрсеткіш.
(12)
мұнда Qp – құндық немесе натуральды түрдегі өнім көлемі;
Соф – негізгі капиталдың орташа жылдық құны, тенге.
Қор сыйымдылық – өнім өндіруге кеткен негізгі капитал шығынын көрсететін қор қайтарымға кері шама.
(13)
Еңбектің қормен жарақтануы – әрбір жұмысшының қормен жарақтану дәрежесін сипаттайды.
(14)
Жабдықтың ауысымдық коэффициенті:
(15)
мұнда Тсм – барлық аусым бойынша жұмыс істеген станок саны;
nу – қондырылған жабдықтар саны;
Др – қарастырылған кезеңдегі жұмыс күні.
Жабдықты экстенсивті пайдалану коэффициенті:
(16)
мұнда Тф – жабдықтардың нақтылы жұмыс уақыты, сағат;
Тр – жабдықтардың режімдік жұмыс уақыт капиталы, сағат;
Тк – жабдықтардың календарлық жұмыс уақыт капиталы, сағат;
Тпл – жабдықтардың жоспарлық жұмыс уақыт капиталы, сағат. Жабдықты интенсивті пайдалану коэффициенті:
(17)
мұнда Qф – уақыт бірлігінде натуральды түрдегі нақтылы өндіріс көлемі;
Qn – уақыт бірлігінде натуральды түрдегі жоспарлы өндіріс көлемі;
Qmax – уақыт бірлігінде натуральды түрдегі максимальды өнім шығару мүмкіндігі.
Жабдықтың интегральді пайдалану коэффициенті:
Кинт = Кэ х Кинт (18)
Достарыңызбен бөлісу: |