негізге, пентозаға жəне фосфор қышқылына ыдырайтын жоғары молекулалы қосылыстар.
спермасынан жоғары мөлшерде фосфоры бар зат алды жəне оны нуклеин (ядро) деп атады.
Əдетте, нуклеин қышқылдарының азоттық негізінің құрамына пиримидиндік негіз –
түрлі нуклеин қышқылдары бар. Көмірсу компонентінің сипатына байланысты біріншісі -
20
Пиримидиндік жəне пуриндік негіздер, көмірсу жəне фосфор қышқылы нуклеин
қышқылдарының құрамына нуклеотид деп аталатын блок(мономер) түрінде кіреді.
Пиримидиндік немесе пуриндік негіздердің рибоза немесе дезоксорибозамен əрекеттесуі
нуклеозидтің түзілуіне алып келеді. Нуклеозид деп гетероциклдік негіздің N-гликозидтерін
айтады. Қант пиримидтің N3-атомымен жəне пуриннің N9- атомымен β-глюкозидттік
байланыс арқылы байланысады. Мысалы:
Нуклеотид дегеніміз нуклеозидтің фосфорлық эфирлері. Фосфор қышқылының
қалдығы табиғи нуклеотидтерде 3,5-көмірсу атомындағы гидроксил тобы арқылы рибоза
(немесе дезоксорибоза) қалдығына жалғасқан.
Əр нуклеин қышқылдарына тəн мононуклеотидтердің бірнеше жүздегені, кейде
бірнеше мыңдағаны біріңғай молекулаға бірігіп орасан үлкен полинуклеотидтік тізбекті
құрайды. Осыған байланысты химиялық құрылысына қарай нуклеин қышқылдары
полирибонуклеотид(РНК) жəне полидезоксирибонуклеотид(ДНК) болып есептеледі.
Нуклеин қышқылдарының молекуласындағы нуклеотид қалдықтары күрделіэфир көпірін
түзіп байланысады.
Молекулалық массасына байланысты нуклеин қышқылының поликонденсация- лану
дəрежесі, біріңғай полинуклеотид тізбегінде байланысқан нуклеотид звеноларының санына
қарай ауытқып отырады. Егер нуклеотид қалдығының орташа молекулалық массасын 330
Да-ға тең деп алсақ, онда ірі ДНК молекулаларының поликонденсациялану дəрежесі он
мыңдаған звенолардан тұрады. ДНК молекулаларының массасының өте үлкендігі
соншалықты, оларды кейде құрылымын бұзбай жеке бөліп қарау өте қиынға соғады.
Адамның сомалық жасушаларының ядросында 23 жұп хромасомалар бар. Олардың
əрқайсысына ДНК-ның бір молекуласынан тура келеді. Адам денесіндегі бір жасушасында
орналасқан барлық 46 ДНК молекуласының ұзындығы 2 метрге жуық, ал нуклеотидтер
жұбының саны – 3,2 млрд.
21
РНК-ның молекулалық салмағы ДНК-кі сияқты үлкен болмайды. Молекулалық
салмағына, атқаратын қызметіне қарай жасуша РНК-ын төмендегіше бөледі:
1.
Тасымалдаушы РНК (тРНК) - молекулалық салмағы 17000-35000 Да, олар
аминоқышқылдарды кодтауды жүзеге асырады.
2.
Рибосомалық РНК (рРНК) - молекулалық салмағы 1,1 -1,7 млн. Да, олар рибосомалардың
құрылымдық негізі.
3.
Ақпараттық (матрицалық) РНК (мРНК) - молекулалық салмағы 300 мыңнан 4 млн Да
аралығында ауытқып отырады, олар полипептидтік тізбек биосинтезінің матрицасы
болып табылады.
4.
Вирустық РНК (вРНК) – вирустардың құрылымдық бөлігі, ағза жасушасындағы
вирустардың көбеюіне қажет ақпараттарды жеткізеді.
Жасушада РНК –ның саны функционалдық белсенділігіне байланысты əртүрлі.
Достарыңызбен бөлісу: