Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті жанындағы колледждің стоматология кафедрасы «Тіс техникалық материалтану»



бет22/100
Дата11.12.2021
өлшемі192,7 Kb.
#79039
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   100
Байланысты:
МР-зуб.мат-СТОМ-2к-теория-КАЗ

Материалдың құрамы (%)
Ақ сықпа Түсті сықпа

Полисульфидті каучук 75,0 -

Екі тотықты титан 19,5 -

Сірке қышқылының изоамил эфирі 0,5 -

Мырыш тотығы 5,0 38,0

Барий асқын тотығы - 11,4

Тазартылған су - 11,4

Дифенилгуанидан - 3,3

Калий бихроматы - 13,8

Полиэтиленоксид - 22,1


Термопластикалық заттар ретінде парафин, стеарин, гуттаперч, балара балауызы, цезерин, гутаперча, балара балауызы, цезерин әне де басқа материалдар қолданылады. Синтетикалық немесе табиғи шайырларды (копал, шеллак, қарағай шайыры немесе қарағай шайырының глицерин эфирі) қосып, массалардың қатқаннан кейінгі қаттылығын арттыруғаболады. Әр түрлі қоспалар қосып, жұмсарту температурасы 30-700С аралығындағы термопластикалы зат алынады.

Шайырдан және балауыздан басқа термопластикалық массалардың құрамына, химиялық инертті заттар, толтырғыштар болады. Олар массаларға керекті құрлым беріп, жабысқақтығын, қалыбының өзгергіштігін төмендетеді, қатаю уақытын қысқартады.

Термомассаларға қойылатын талаптар:


  1. Ауыз қуысындағы тіндерді үйдірмейтіндей температурада жұмсаруы.

  2. Жабысқақ болмауы.

  3. Ауыз қуысының температурасынан сәл төмен температурада қатаюы

  4. Жұмсарған жағдайда біркелкі масса болуы.

  5. Аспаптармен жеңіл өңделуі.

«Стенс-02» дөңгелек қызыл түсті пластина ретінде шығарылады. Құрамы (%):

Қарағай шайыры – 36,0 дибутилфталат - 0,5

Мырыш тотығы – 3,0 тальк – 42,0

Мұндай парафинді – 12,98 майда ерігіш бояу – 0,02

Церезин – 5,5

Материал 450 С-550 С температура аралығында жұмсарып, 350 С-370 Стемпература аралығында қатаяды. Тіс салу тәжірибесінде алдын ала алынатын қалыптар, арнайы қасықтар жасау және т.б. жұмыстар үшін қолданылады. Материал қайтып қолдануға жарамсыз деп есептеледі.

«Акродент – 02» төрт бұрышты алқызыл түсті пластина .

Құрамы (%)

Қарағай шайыры - 32,0 этилцеллюоза – 2,0

Стеарин - 6,0 мырыш тотығы – 10,0

Парафин – 10,0 ванилин – 0,2

Каолин – 32,78 майда ерігіш бояу – 0,02

Пластификатор ДБФ – 7,0

«Акродент – 02» 55-650С температура аралығында жұмсарып, 360С температурада қатайып, иілгіштігін жоғалтады. Бұл материалмен алынған қалып пішінін өзгертпестен көп уақыт сақталады. «Акродент-02» стоматология тәжірибесінде қалып алу, арнайы қасықтар, қатты тістесу білігін дайындау және тағы басқа тіс техникалық жұмыстар үшінқолданылады. Қалыпты құйылғакн модельден ажырату үшін ыстық суға салады. «Акродент-02» -ні тістің конвергенциясы және дивергенциясы кезінде қолдануға болмайды. «№1 Термомасса» қалыптық термопластикалық масса» деген атпен дөңгелек, қою қызыл пластина ретінде шығарылады. Бұл ең көпт тараған қалыптық материал.

Құрамы (%):

Қарағай шайырының церезин – 10,0

Пентаэритритті эфирі 45,0

Қарағай шайырының тальк 25,0

Глцерин эфирі-5,0

Парафин – 14,82 майда ерігіш бояу


Масса 50-600С температура аралығында жұмсарып, 20-250 аралығында 3 минуттың ішінде илімділігін жоғалтады. Бұл масса тіссіз жақтардын функционалдық қалып алғанда, тіссіз жақтарға салынған протез дұрыс бекімей бос болғанда қолданылады. Термопластикалық қалыптық массамен функционалдық қалып алу үшін, алдын-ала арнайы қатты қалыптық масса жасалынуы қажет.

«№2 термомасса» - дөңгелек, қою қызыл түсті пластина ретінде шығарылады. Масса 70-800С аралығында жұмсарып, ауыз қуысында 2-3 минуттай ұстағаннан кейін қатаяды. Ауыз қуысында қисайған тістер болса, онда масса толық қатаймай тұрып шығару керек. Масса қолданылғаннан соң, оны тазартып қайтадан қолдануға болады. Ол үшін массаны ыдысқа салып, 100-1200С қыздырылған сұйыққа батырады.

«Термомассада – 02» - дөңгелек жасыл түсті пластина түрінде шығарылып, функционалдық қалыптар алуға және дұрыс орнықпай отырған толық протездердің негіздерін қайтып жасау үшін қолданылады. Жұмсару температурасы 55-600С.

Құрамы (%):

Парфин 5,0 церазин -10,0

Стеарин -10,0 тальк -30,0

Бал ара балауызы – 9,8 ванилин – 0,1

Октофор 35,0 майда ерігіш бояу – 0,1

Жоғарыда келтірілген термопластикалық массаларға қарағанда «термомасса – 02» 450С өте иілгіш. Бұл масса 35-370С температурада қатаяды.

«Стомапласт – 2» - жасыл түсті масса, құрамына қарағай шайыры мен майсана майының глицерин эфирі, парафин, бояғыш және жұпар иісті заттар кіреді. Төменгі температурада жоғарғы иілгіштік көрсетіп қалып алатын жерге ешқандай қысым түсірмейді және керек болған жағдайда қайтадан түзету үшін жаңа бөлігін салуға болады. Бұл материал, негізінен, функционалдық қалып алу үшін қолданылады. Ауыз қуысынан шығарар алдында массаны суық сумен суытады. Гипістік мүсін алу үшін қалыпты мұздай суға салған жөн.

Дентофоль - өсімдік тектес шайырлардан және полимерлерден тұратын термопластикалық қалыптық материал. Бұл материал да функционалдық қалып алу үшін қолданылады. Дентофоль екі түрлі масса етінде шығарылады. Біріншісі – таяқша тәрізді, ыстық суға салып қыздырғанда иілгіштік пайда болады. Олар арнайы қасыпен функционалдық қалып алған кезде қасықтың жиектерін қалыпқа келтіру үшінқолданылады. Екінші масса ыдысқа салынып, 55-600С температурада қыздыруға бейімделген. Арнай жаққыш сүлгңмен қасықтың бетіне жұқа етіп ауыз қуысына енгізеді. Ауыз қуысындағы температурада масса толық қатпайды, сондықтан қалыпты ауыздан шығарар кезде суық сумен салқындату қажет. Стомапласт сияқты қалыпты ауздан шығарысымен гипсті құйып мүсін алу қажет. Бұл қалыптық массаны алынған модельден ажыратар алдында ыстық суға салып, дентофольды балқытып алған жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет