Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті жанындағы колледждің стоматология кафедрасы «Тіс техникалық материалтану»


Полимерлердің негізгі физико-химиялық және технологиялық қасиеттері



бет54/100
Дата11.12.2021
өлшемі192,7 Kb.
#79039
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   100
Байланысты:
МР-зуб.мат-СТОМ-2к-теория-КАЗ

Полимерлердің негізгі физико-химиялық және технологиялық қасиеттері.

Полимерлердің технологиялық қасиеті, олардың табиғатына, мономердің құрылысы мен тазалығына, молекулалық массасына байланысты болады.

Аққыштық - өзіндік массаның күшімен қамтамасыз өзгеріске ұшырауы. Бұл – иімділіктің бір түрі. Ал тұтқырлық дегеніміз аққыштықтың кері көлемі.

Полимердің деструкциясы - материалдың қайтымсыз бұзылу процесі.

Серпімділік – сыртқы күш әсері тоқтағаннан кейін материал өз күшімен пішіні мен көлемін қалпына келтіру қасиеті.

Иімділік – бұл қатты дененің сыртқы күш әсерінен өзінің пішіні мен көлемін қайтымсыз өзгертуі.

Эластикалық – серпімділікті береді, яғни материал сыртқы күш әсерінен өзгеріске ұшырайды.

Пластификациялау – пластификаторларды енгізу.

Полимердің ісінуі – полимер молекуласына мономер ұйықтығының енуі.

Полимерердің тәртібінің бұзылу нәтижесінде протез бетінде көпіршектер пайда болып протездің шытынауына және сынуына әкеп соғады. Пластмассаның 3 саңылауы бар: газды, қысу, гланулярлы.

Газды саңылау – пішіндеуші массаның полимеризация ішілік мономердің ұшып кетуінен пайда болады. Бұл жағдай полимерлеу тәртібі бұзылған кезде туындайды. Ал, пластмассалы қамыры бар кюветаны бірден ыстық суға салған кезде қысу саңылаулары пайда болады. Бұл жағдай пішіндеуші массаға жеткілікті қысым түспеген кезде бос жерлер пайда болып, сол жерлерде саңылаулар түзіледі.

Гранулярлы саңылау – ол мономердің ұшып кеткен бөлімдеріндегі мономер – полимерлі массаның ісінуі ашық ыдыста болған жағдайда болады.

Пластмассалардың түрлері.


  1. Өздігінен қатаятын пластмассалар: редонт, Редонт-02, Редонт-03, Карбопласт, Протакрил –М.

  2. Ыстыққа қатаятын пластмассалар: Фторакс, Этакрил-02, Суперакрил Плюс.

Негізгі конструкциялық материалдар. Протез негізінде жасанды тістер, кламмерлер және басқа да протез элементтері бекітіледі. Протез негізінде қолданылатын материалды біз негізгі материал деп атаймыз. Бұл материалдар қолдану ерекшілігіне, өңделуіне байланысты мынадай талаптарға жауап беруі тиіс.

  1. Жеткіліктті деңгейде берік болып, соған сәйкес эластикалық қасиетке және шайнау қысымының әсерінен протездің бүтіндігін сақтап өзгеріске ұшырамау қасиетіне ие болуы.

  2. Соққыға жоғарғы түрде қарсы тұру қасиетіне ие болуы керек.

  3. Меншікті салмағы аз және жылу өткізгіштігі төмен болуға тиіс.

  4. Жеткілікті деңгейде қаттылығының және қажалуының төмен болуы.

  5. Сілекейге және әр түрлі тамақтарға бейтарап болуға тиіс.

  6. Сыртқы ортаның әр түрлі факторларының әсеріне түсін өзгертпеуі керек.

  7. Ауыз қуысы және организімнің тіндеріне зиянды әсерінен болмауы.

  8. Ауыз қуысының микрофлорасының және тамақ бөлшектерін өзіне сіңіріп алмау қасиетінің болуы.

Сонымен бірге қосымша негізгі материалдар тағы да мынадай талаптарға жауап беруі тиіс.

  1. Фарформен, металмен, пластмассамен тығыз байланысуы.

  2. материал өзіне келген пішінде толық сақталуы және өңделуі керек.

  3. Жөнделуге оңай келеуі тиіс.

  4. тіс және қызыл иек тіндерінің түстеріне ұқсас болуы

  5. материалдың өзгеше дәмі және иісі болмауы тиіс.

Қазіргі уақытта протез негіздері үш мынадай түрдегі пластмассалар қолданылады.

  1. акрилді

  2. винилакрилді

  3. полистиролды модификацияланған, негіздегі

  4. жанама полимерлер немесе келтірілген пластмассалардың қоспасы.

Сонымен қатар пластмассалар полимерлердің құрылысына қарай 3 топқа бөлінеді.

Бірінші топтағы материалдардың полимер немесе жанама полимер молекуласының құрылысы ұзын тізбек түрінде болады. Бұл топтың негізгі өкілі АКР-15 пластмассасы.

Екінші топтағы материалдардың полимерінің құрылысы ұзын тізбек түрінде болғанымен, бір-бірімен байланысқан және кейбір бөліктеріне тігілген. Бұл материалдың өкіліне «акрил» пластмассасы жатады.

Үшінші топтағы материалдардың полимерінің құрылысы тігілген болып, жанама полимерлерге қабілетті болады, яғни құрамында фторы бар каучукты полимер түзеді.

Өздігінен қатаятын пластмассалар. Өздігінен қатаятын пластмассалар деп бөлме температурасында полимерленетін пластамассаларды атайды.

Өздігінен қатаятын пластмассалардың өзіндік ерекшілігі бар. Олар:



  1. Полимерленуден кейін массада 5% мономер қалады. Ол ыстықта қатаятын пластмассадан 10 есе көп.

  2. Түзілетін полимер тізбектері ыстықта қатаятын пластмассадан қысқы.

  3. Полимерлеу кезінде здігінен қатаятын пластмасса көп жылу бөледі. Ол массада көпіршектер пайда болуына себеп туғызады.

  4. Полимерлеу кезінде пластмассаның кейбір активаторы тұрақсыз болып келеді. Соның нәтижесінде пластмасса уақыт келе түсін өзгертеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет